{metadescription}
18 жастағы қызды буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген қаскөй ұсталды
18 жастағы қызды буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген қаскөй ұсталды

18 жастағы қызды буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген қаскөй ұсталды

18 жастағы қызды буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген қаскөй ұсталды. Ол Алматы маңындағы елдімекендердің бірінен табылған. 87-ші жылы туған күдікті бұған дейін бұзақылық жасағаны  үшін қылмыстық жазаға тартылған. Қазір уақытша оқшалау абақтысында қамауда отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Аталмыш қылмысты жасады деген күдікпен 1987жылы туылған «С» есімді азамат ұсталған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес, ол уақытша оқшалау абақтысына қамалды. Қазір тергеу амалдары жалғасу үстінде. Айта кететін жәйт, бұрын-соңды бұл азамат бұзақылық дерегі үшін қылмыстық жауапқа тартылған.

Қайғылы оқиға жексенбі күні Алматының элиталы ауданындағы Latifa тұрғын үй кешенінде болған. Тәулікке жалға берілетін пәтерде 18 жасар қызды қылқындырып өлтірген соң өртеп жіберген. Тәртіп сақшылары бейнебақылау камерасына түсіп қалған 34 жастағы күдіктінің ұсталғанын растайды. Ал тұрғындардың бойжеткенді жеңілжүрісті деп жария қылған ақпаратты департаменттегілер жоққа шығарған. Полиция қаскөйдің неліктен мұндай жауыздыққа барғанын және өзге де мәліметтерді тергеу құпиялығына байланысты жарияламай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде