{metadescription}
Санаққа жауапты шенеунік мәжілісмендер алдында ақталды
Санаққа жауапты шенеунік мәжілісмендер алдында ақталды

Санаққа жауапты шенеунік мәжілісмендер алдында ақталды

«Бір адам санақтан екі рет өткен болуы мүмкін». Базаға 19 миллион анкета келіп түсті деген санаққа жауапты шенеунік, артынша осылай мәжілісмендердің алдында ақталды. Тіпті тізімге іліккендер ішінде шетелдік азаматтар болуы мүмкін екен.

Статистика бюросы басшысының сөзінше, отбасы мүшелері өзара ақылдаспай, санақтан бірнеше мәрте өтіп қоюы ғажап емес. Ал халық санағының алдын ала қорытындысы желтоқсан  айында шығады. Науқанға 9 миллиардтан астам қаржы бөлінген. Қыруар қаражат орнымен жұмсалғанына шенділер сенімді. Бұл негізінен санаққа жұмылдырылған 25 мың адамның ақысы екен. «Ал ақша артылып қалса, мемлекетке қайтарамыз» деп отыр бюро басшысы.

Нұрболат Айдапкелов, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Азаматтардың санақтан өтуі үшін барынша жағдай жасадық. Ешкіммен қарым-қатынасқа түспеуі үшін онлайн да мүмкіндік жасадық. Ел бойынша 3 жарым мыңнан аса санақ орталықтары жұмыс істеді. Әртүрлі себептерге байланысты санақтан өтпей қалғандар бар. Ешкім оларға айыппұл салып, басқалай жазаламайды. Санақтың нәтижесін арнайы бағдарлама есептеп шығарады. Бірақ оны да бақылайтын мамандар бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде