{metadescription}
Көптен күткен Pfizer-дің алғашқы партиясы жеткізілді
Көптен күткен Pfizer-дің алғашқы партиясы жеткізілді

Көптен күткен Pfizer-дің алғашқы партиясы жеткізілді

Көптен күткен вакцина. Бүгін елімізге талайдан бері жыр болған Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізіледі.

Осыған орай денсаулық сақтау министрі Үкімет басшысынан аймақ жетекшілеріне ұстаздар мен ата-аналарды толық ақпаратпен қамтамасыз етіп, екпе егу орындарын санитарлық талаптарға сай етуге тапсырма беруін сұрады. Өйткені ел ішінде балаларға екпе салуға қатысты әлі түрлі қарсылық көп. Ал америкалық мақтаулы вакцинаның алғашқы легі арнайы ұшақпен Алматыға жеткізіледі.

Алматы халықаралық әуежайы. Уәде етілгендей вакцина тиеген ұшақ Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі 7 жарымда қонуы тиіс болатын. Бірақ жаңа ғана белгісіз себептерге байланысты ұшақтың екі сағатқа кешігетіні хабарланды.

Әзірге бізді әуежай ішіне кіргізген жоқ. Вакцинаны қабылдап алушылар арасында "СК Фармация" өкілдері болады екен. Жоспар бойынша асыға күткен вакцина аман-есен жетсе, ертең аймақтарға жіберіледі. Бұл вакцина Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен Еуропада ең бірінші мойындалған және тиімділігі өте жоғары екпе.

- Pfizer вакцинасының алғашқы кезекте қанша дозасын елгі жеткізу жоспарланған?

Бұған дейінгі келісімге сәйкес, Қазақстанға америкалық екпенің 4 миллион 230 мың дозасы әкелінеді. Ол 2 миллион 115 мың адамға жетеді.

Ал бүгінгі Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қарашаның 15-не дейін, яғни алғашқы кезекте 379 мың доза вакцинаны елге жеткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді. 

Pfizer екпесі 12-17 жас аралығындағы жеткіншектерге, жүкті әйелдер мен емшектегі баласы бар аналарға салынады. Алайда қарапайым халық ішінде балаларға екпе салуға қатысты түрлі түсініспеу бары жасырын емес. Сол себепті елдің бас дәрігері жасөспірімдерді коронавирустан қорғау тәртібін тағы бір қайталап, Үкімет басшысынан аймақ жетекшілеріне пәрмен беруін сұрап отыр. 

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Балаларды вакциналау оқу орындарындағы екпе егу пунктерінде, яғни білім ордаларында жүргізіледі. Онда да кәмелетке толмағандар мен жасөсіпірімдердің ата-аналары, олардың заңды өкілдері ерікті түрде келісім беру қажет. Сондықтан барлық облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдеріне министрліктермен бірлесе отырып ұстаздар мен ата-аналарды толыққанды ақпаратпен қамтамасыз етуге, екпе егу орындарын санитарлық талаптарға сай етіп, медициналық қызметкерлерді дайындауға  тапсырма беруіңізді сұраймын.

Pfizer вакцинасы елге келеді дегеннен бері дайындық жұмыстары басталғаны баршамызға аян. Америкалық препараттың сақтау ерекшелігіне байланысты қазір арнайы 34 тоңазытқыш сатып алынып 16 аймаққа жіберіліпті. Қосымша алынған тағы 51 дана тоңазытқыш құрылығысы ай соңына дейін өңірлерге жеткізіледі.

Әлемнің бірқатар елдерінде Ковид-19-ға қарсы балаларға вакцина салу тәжірибесі басталып кеткен. Тіпті АҚШ-та бес жастан асқандарға екпе салу мақұлданған. Алайда Қазақстанда 12 жасқа толмаған балаларға коронавирус инфекциясына қарсы екпе салуға рұқсат етілмейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.