{metadescription}
Egov: СБЕР-ге 500 миллион доллар бермейтін болдық
Egov: СБЕР-ге 500 миллион доллар бермейтін болдық

Egov: СБЕР-ге 500 миллион доллар бермейтін болдық

500 миллион доллар Қазақстанда қалады! Еліміз Egov-ты жасау үшін ресейлік СБЕР компаниясына осыншама қомақты қаржыны бермейтін болды. Енді отандық электронды платформамен өзіміздің ІТ компаниялар айналысады.

Бұл туралы бізге елордада өткен Сараптама кеңесінің мүшесі Мұхтар Тайжан айтып берді.

Мұхтар Тайжан, Сараптама кеңесінің мүшесі:

- Кешегі Бағдат Мусиннің сөзінше, бұған дейін қазақстандық компаниялар айналысты ғой, біздің Egov-імізбен. Бұдан былай да тек қана қазақстандық ІТ компаниялар айналысады. «Сбербанктің» мамандары емес. Ешқандай келісімшарт жоқ, әзірше. Тек меморандум бар. Меморандумның заңды күші жоқ.

Сараптама кеңесінің бірінші отырысына көптеген қазақстандық IT компаниялар, қоғам белсенділері қатысқан. Сол жиында министр Бағдат Мусин ресейлік Сбер компаниясының Қазақстандағы цифрландырумен айналыспайтынын, елдің цифрлық дамуымен тек отандық компаниялар шұғылданатынын жеткізіпті.

Кеңес мүшелері мәлімдеме жасағанымен, әзірге цифрлық даму министрлігінің ресми ақпараты шыққан жоқ.

Үкімет ресейлік СБЕР компаниялар тобының басшылығымен қыркүйекте ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойған-ды. 500 миллион долларға бағаланған жоба көптің сынына ұшырап, қоғам наразылық білдірген. Олар келісім жүзеге асырылса, ел азаматтарының бүкіл жеке мәліметтері ресейлік компанияның қолына өтеді деп қауіптенеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде