{metadescription}
«Дара» қоры психологтардың кеңестері бар ерекше кітап шығарды
«Дара» қоры психологтардың кеңестері бар ерекше кітап шығарды

«Дара» қоры психологтардың кеңестері бар ерекше кітап шығарды

Бүгінгі жастар  ертеңгі елдің болашағы. Осы ұстаныммен «Дара» қайырымдылық  қоры өскелең ұрпаққа берер ерекше тәрбие туралы кітапты жарыққа шығарды.

«Тәлімгерлер: балалар үйінің балаларымен достықтың шынайы тарихы» атты туынды, ұстаздарға шәкірттермен қарым-қатынастың кілтін табуға көмектеседі.

Басты бағыты: жетілуінде ерекшеліктері бар бүлдіршіндерге және отбасы жоқ балаларға білім алуға және қоғамда бейімделуіне мүмкіндік беру. Кітапта Қазақстанның үш қаласы – Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыдан жобаға қатысатын 40 баланың өмірбаяны жинақталған. Жазылған оқиғасы ерекше әрі қызықты туындының шығуы дүниежүзілік жетімдерді қорғау күніне байланысты. Өйткені әрбір азамат ата-анасының жылулығына зәру бүлдіршіндердің бар екенін білуі қажет. Кітаптан түскен барлық қаражат балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді  жоғарғы оқу орнына түсіруіне  жұмасалады.

Гүлжадыра Бекенова, Нұр-Сұлтан қаласындағы жоба үйлестірушісі:

- Әр тәлімгер мен баланың оқиғасы кірістірілген. Бұл кітаптан сіз әр жұптың жеке оқиғасын оқи аласыз. Ондағы қызықтар мен қиыншылықтар, жүріп өткен жолдары, бір-біріне деген үйренісу және алға қойған мақсаттары. Соның барлығын осы кітапқа жинақтап, сыйдыруға тырыстық. Барлық адамға арналады. Ата-аналар да оқығысы келеді. Себебі, жасөспірімдерге арналған психологтардың кеңестері бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде