Журналистикаға бейім мүгедек жандарға қолдау көрсетілді
Алматыда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған тың жоба мәресіне жетті. «Жас Қазақ» газеті мен «Шеврон» компаниясы бірлесе ұйымдастырған төрт айлық курстың мақсаты – -жазуға бейім, ақпарат саласында қызмет еткісі келетін мүгедек жандарға журналистиканың жанрларын үйретіп, қолдау көрсету.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
12.11.2021
Курс тағдыр тәлкегіне түскен жандардың еңсесін тіктеп, жұмысқа бейімдеуді мақсат еткен.
Нәзерке Исатай – жастайынан жыр жазып, өлең-жырға құнығып өскен жастардың бірі. Тілшілік тіршілікті көруді аңсаған мүмкіндігі шектеулі жанның арманын «Бәріне ортақ журналистика» жобасы жүзеке асырды. Білмегенін үйренген бірінші топтағы мүгедек болашақта ақпарат алаңында жұмыс істеуді мақсат тұтқан.
Назерке Исатай, бірінші топтағы мүгедек:
- Қызыққанмын. Бірақ сүйемелдейтін адам болған жоқ. Сол үшін қалып қалған. Телевизия да болады. Бірақ кішкене қорқақтайтынмын.Осы курстың арқасында өзіме батылдық жинадым. Өмірге деген талпынысым артты. Менде көптеген қиындықтар болды. Енді талпынуға болады. Өлең шығардым. Жазылған, дайын. Бұл курстың жалғсын тапқанын қалаймын.
Нәзерке сынды журналист болуды аңсаған талай мүмкіндігі шектеулі жанға аталмыш жоба қолдау көрсетті. Осы курстың арқасында олар компьютерлік сауаттылық, мерзімді баспасөз, дизайн, тележурналистика бойынша дәріс алып, тәжірибесін шыңдай түсті.
Срайыл Смайыл, жобаның ұйымдастырушысы:
- Практикалық сабаққа көп көңіл бөлдік. Практикалық сабақ бұл жерде өткен жоқ. Театрға барып, белгілі бір актердан, болмаса белгілі бір спортшыдан оқиға орнына барып сұхбат алып дегендей, сөәтіп курсты тамамдады. Жобаның басты мақсаты – бойындағы шығармашылық қабілетін жалғастыру. Өтінішін мемлекеттік органдар болсын, әкімдік, депутаттар болсын, ірі компаниялар қолдаса. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Мүмкіндігі шектеулі жанның газетте немесе телеарнада жұмыс істеуі бізге енсе деген.
Өмір жолындағы қандай да бір белесті бағындыру кез келген адамның арманы. Осынау ғұмыр жолында пешенелеңізге жазылған өмірді абыроймен атқарып, әр адамның арманын орындау маңызды. Сондықтан мүгедектердің қандай жағдай болмасын, мақсатына жетуіне еш нәрсе кедерге болмауға тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!