{metadescription}
Ақтауда шаруалар төрт түлік мал түгел қырылып қалуы мүмкін деп отыр
Ақтауда шаруалар төрт түлік мал түгел қырылып қалуы мүмкін деп отыр

Ақтауда шаруалар төрт түлік мал түгел қырылып қалуы мүмкін деп отыр

Ақтауда қырық шақты шаруа төтенше жағдай жариялауды сұрап облыс әкімдігіне жиналды. Олар тек төтенше жағдай жариялау арқылы мемлекеттен көмек алып, өңірде қалған мал басын аман алып қаламыз дейді. Әйтпесе төрт-түлік түгел қырылып қалуы мүмкін деп отыр.

Жиналғандар мал өсіруге қолайлы жағдай жасап, құдық қазып, шабындық жерлерді дұрыс игеру қажет дейді.

Қуаңшылықтан малы қырылып әбден ығыры шыққан шаруалар облыс әкімдігіне жиналды. Олар шенеуніктерден өңірде төтенше жағдай жариялауды талап етуде.

Әділбек Сағындық, шаруа:

- Төтенше жағдай жариялау керек Маңғыстауға. Сендерге өткенде мамыр басында келген үш депутат парламенттің, ауыл шаруашылығы министр сосын «Қазгидрометтің» бастығы келіп, осы жерге кәдімгі Маңғыстау облысына 1-маусымнан 1-қыркүйекке дейін үш айға төтенше жағдай жарияласын деген хат жазып кетті. Төтенше жағдай жарияланбаған, әр түрлі себептермен. Жаңағы жем 2000 тг арзандамайды десе, 1000 тг мұнай төлесін, 1000 тг халық өзі төлесін.

Шаруалар Маңғыстаудағы жер қойнауын пайдаланып жатқан алпауыт компаниялар да ауыл шаруашылығына қол ұшын созсын дейді. Яғни қуаңшылықтың жүгін жұмыла көтеріп жеңілдетсек деген ниетте. Сондай-ақ өңірдегі түйе мен жылқыны асыл тұқымды мал қатарына қосып, мемлекеттен берілетін түрлі көмекке қол жеткізсек дейді.

 Ақтаубай Нысанов, шаруа: 

- Мұғалжардыкі бар. Жылына 10-15 мың дотация береді. Біздің «Адай» жылқысына бермейді. Осыдан неше жыл бұрын мен қақсадым. Мынаны кіргізейік, осыны кіргізейік, бізге ақша берсін деп. Ең болмаса сол ақшаны бергенде біз жылқымыздың басын одан да күшті қылар едік. Бізге Үкіметтен көмек керек.

Ауыл шаруашылығы басқармасы қолдан келгенше көмек көрсетіп жатырмыз деп ақталды. Жаз айында резервтен бөлінген 1,9 млрд теңгені малшыларға таратып бердік  деп отыр. Ал игерілмей қалған қаржыны алдағы уақытта тағы теңдей бөліп бермекші.

Қазыбек Тәшімов, Маңғыстау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- 700 млн теңге бар. Бұған өткенде бірейлендіруге тіркелмеген жануараларды тіркеу үшін арнайы ауылшаруашылық министрлігінен рұқсатымен «Жасыл дәліз 2» деген дәліз ашылды. Сонымен тіркелмеген жануарларды тіркеу жүргізді. Күні-бүгінге 67 мың бас аналық мал басы тіркеліп тұр. Соларға тиісті қаражат Үкімет рұқсатымен төлентін болады. Ауаның ылғалдығына ыссылығын өлшейтін «Қазгидромет» деген мекеме бар. Солардың мәліметіне сәйкес негізінде төтенше жағдай жарияланады.

 Шендінің айтуынша төтенше жағдай жариялау тек әкімдіктің қолында емес екен. Ол үшін арнайы мекемелердің зерттеуі қажет деп отыр. Ал жауапты мекемелер әзірге ондай дерек келтірмеді дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде