{metadescription}
Ревакциналауда  Pfizer-ді ақылы түрде салдыра аламыз ба?
Ревакциналауда  Pfizer-ді ақылы түрде салдыра аламыз ба?

Ревакциналауда  Pfizer-ді ақылы түрде салдыра аламыз ба?

«30 күнге дейін сақталады.» Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой көптің талқысына түскен Pfizer вакцинасына қатысты осындай ақпарат берді.

Мақтаулы америкалық екпе мектептерге жеткен соң, кәдімгі тоңазытқыштарда бір ай мерзімінде cақталса да жарамды болады. Жеткіншектер мен жүкті, бала емізетін әйелдерден бөлек, ревакциналауда  Pfizer-ді ақылы түрде салдыра аламыз ба?» деген бұқара сауалын жеткізген журналистерге министр қысқа жауап берді

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қандай бір вакцина мақтаулы екен, ел ішіндегі пікір жақсы екен деп, соны ғана салдырамын деудің қажеті жоқ. Елде салынып жатқан барлық препараттар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бекітілген. Мемлекет сізге тегін мүмкіндік ұсынып тұрса, оны неге пайланбасқа?! Ал ақылы түрдегі Pfizer  егу мәселесі  қаралып жатыр. Дайын болған уақытта айтамыз.

Брифингте «Ашық» қосымшасы туралы да сөз болды. Министрліктегілер вакцинаның екі дозасын да алған азаматтарда бір жыл көлемінде қауіпсіз, яғни «жасыл» мәртебесі сақталады.

Енді Нұр-Сұлтанда сауда және ойын-сауық орталықтарына «көк» мәртебелі азаматтар кіре алмайды.

Айжан Есмағамбетова, Денсаулық сақтау министрлігі санитария-эпидемиологияны бақылау комитетінің төрағасы:

- Әркімде вирусқа қарсы иммунитет әртүрлі. Иммунологтардың айтуынша 7 айдан бір жылға дейін. Яғни осы уақыт аралығында сіздің денсаулығыңыз дертпен күресуге қауқарлы. Сол үшін де ревакциналауға дейін «жасыл» мәртебесі сақталады. Ал,үшінші дозасын алғаннан соң әрі қарай созылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде