Қазақстан мен Чехия өзара ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Чехия өзара ынтымақтастықты нығайтады. Бұл туралы Прагада өткен үкіметаралық комиссия отырысында айтылды. Оған Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев пен Чехияның индустрия және сауда министрінің орынбасары Мартина Тауберова төрағалық етті.
Автор: Салтанат Шырынхан
15.11.2021
Басқосуда тараптар өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы бірлескен жобалардың келешегін талқылады.
Комиссияның қос төрағасы жиынға қатысушыларды екіжақты сауданың жай-күйімен таныстырды. Биыл Қазақстаннан Чехияға экспорт, шамамен 16 пайызға өскен. Соның арқасында қазір тауар айналымы айтарлықтай ұлғайыпты.
Саясаткерлер атом энергетикасы, жаңартылатын көздерден энергия өндіру, машина жасаудағы соңғы технологиялар мен бірлескен өндірісті арттыру мәселесін де ортаға салды.
Еліміздің индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері жұмыс барысындағы инновациялық тәсілдерді ұсынып, арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметі туралы әңгімеледі. Үкіметаралық отырысты тараптар бірлескен құжаттарға қол қоюмен аяқтады.
Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі:
- Бірқатар іс-шаралар өткізіп жатырмыз. Алқа жиыннан бастап екіжақты келіссөздер мен Үкіметаралық комиссия отырыстарын. Чехия бүгінде Шығыс Еуропадағы негізгі сауда және инвестициялық серіктестерінің бірі. Ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, жұмысымызда өсудің жаңа мүмкіндіктеріне қол жеткізетінімізге сенімдіміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!