{metadescription}
Синоптиктер: Кейбір аймақтарда қатты аяз болады
Синоптиктер: Кейбір аймақтарда қатты аяз болады

Синоптиктер: Кейбір аймақтарда қатты аяз болады

Елімізде алдағы үш күнде ауа райы күрт өзгереді. Кейбір аймақтарда ауа температурасы 20 градусқа дейін төмендеп қатты аяз болады.

Синоптиктердің болжауынша, 17-18 қарашада оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде жауын-шашын төпелейді. Ал солтүстік аймақта қар жауып, соңы боранға ұласуы мүмкін. Қалың тұман түсіп, тұрғындар көктайғақтың зардабын тартады. Осылайша ауа райының күрт құбылуынан күн суытады. Әсіресе солтүстік пен орталық өңірде түнде минус 13-тен 20 градусқа дейін бет қаритын аяз болады. Мамандар күн райының аяқ астынан бұзылуын Атлант мұхитынан келетін циклонмен байланыстырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде