{metadescription}
Жайсаң бекетінде көрші елге жалған құжатпен өтушілер артқан – Ақтөбе облысы
Жайсаң бекетінде көрші елге жалған құжатпен өтушілер артқан – Ақтөбе облысы

Жайсаң бекетінде көрші елге жалған құжатпен өтушілер артқан – Ақтөбе облысы

Ақтөбе облысындағы Жайсаң бекеті арқылы жалған құжатпен жарты жылда көрші елге 30 адам өтпек болған. Әсіресе мамыр айындағы бас санитар дәрігер қаулысынан соң көбейіпті.

Ол кезде тек халықаралық бағыттарда жүк көлігін тізгіндегендер мен шетелде ем алатын науқастарға шекарадан өтуге рұқсат берілген. Ал басқа тұрғындардың барыс-келісі мүлде тоқтаған.

Пандемияға дейін Ресеймен екі арадағы Жайсаң бекетінен күніне 10 мың адам өтетін. Карантин кезінде қатынас мүлдем тоқтап қалды. Бұл шекара бойындағы ағайынның араласуына қиындық туғызды. Тек мамыр айындағы жеңілдіктен соң ғана екі ел тұрғындары әрлі-берлі қатынауына мүмкіндік берілді.

Мамырдағы қаулыда санитар дәрігерлер тек халықаралық  бағыттағы жүк көлігі жүргізушілері мен көрші елде оқитын студенттерге шекарадан шығуға рұқсат берген. Сонымен қатар шекараның екі жағында қалған ата-ана мен баласының ғана көрісуіне тыйым салмады. Бұл жеңілдікті кәдесіне жаратпақ болған әккілер жалған құжат әзірлеп әуреге түскен. Көбісі шекарашыларға өзін студент, не Орынборға ем алуға бара жатқан науқас ретінде таныстырмақ болған.

Ерман Наубет, «Жайсаң» шекаралық бақылау бөлімшесінің офицері:

- Шекарадан жалған медициналық  және оқуға шақыру қағаздарын ұсынып өтуге тырысқан тұлғалардың өсімі көбейді. Осы жылы 30 деректен астам бұзушылық анықталды. Шекарадан халықаралық жүк тасымалдау көліктерінің жүргізушісі ретінде жалған көлік жүргізушілерінің құжаттарын пайдалана отыра өтуге тырысқан 26 азамат анықталып, олардың шекарадан өтуінің алды алынды. 

Шекарашылар көлікке тығылып Ресейге өтпек болған екі адамды ұстаған. Олар көрші елдегі туғандарын көруге асыққанын айтады. Әйтсе де індетке қатысты шектеудің жеңілдетіле бастағаны тәртіп бұзатындардың санын азайтуға сеп болды дейді. Өйткені санитар дәрігерлердің соңғы қаулысы бойынша  екі елдегі туған бауырлардың 30 күнде бір рет бір-біріне барып келуіне рұқсат.

Жетпіс Нұржанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

Бір айдан бері жақсы болды, екі орта ашылып, ағайын-тумамызға барып жатырмыз. Пандемиядан кейін ғой. Шекараны толық ашса да  жаман болмайды, ағайын-туғанға баруға.

Шекарашылар шетелге өтпек болғандар карантин шектеулеріне қатысты ақпаратты жолға шықпай тұрып біліп алса деп отыр. Өйткені  тұрғындардың барлығына бірдей көлікпен көрші елге баруға әлі рұқсат жоқ. Ол үшін Ресейде ата-анаң мен бауырың болу керек, болмаса аурухана мен жоғары оқу орнынан шақырту қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде