{metadescription}
«Пандемия экономиканы күрт төмендетсе, дәл солай көтеруі де мүмкін»
«Пандемия экономиканы күрт төмендетсе, дәл солай көтеруі де мүмкін»

«Пандемия экономиканы күрт төмендетсе, дәл солай көтеруі де мүмкін»

Әлемді алаңдатқан мәселелерге жауап іздеді. Жаһандық пандемия салдары мен одан шығудың жолдарын 50-ден аса елдің өкілі бүгін «Астана клабтың» алтыншы отырысында талқыға салды.

Кәсіби сарапшылардың пікірінше, пандемия экономиканы күрт төмендетсе, дәл солай көтеруі де мүмкін.

Владислав Иноземцов, "Постиндустриалды қоғамды зерттеу орталығы" директоры (РФ):

Сарапшылар пандемия болған 2020 мен 1920 жылдарды салыстырады. Бұндай теңеу орынды. Себебі, сол уақытта да экомиканың күрт өсуі мен құлдырауы қатар болған еді. Короновирус індеті кезінде әлем елдерінің дағдарысты күткені рас. Бірақ бұндай қиын кезең адамдарды батыл қадамға баруға итермеледі.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының қолдауымен өткен жиында адамзатқа ортақ мәселелер сөз болды. Экология жайы да назардан тыс қалған жоқ. Сарапшылардың айтуынша, мұндай қиын сәтте әлем елдері ынтымақ-ымырада күш біріктіріп еңбек етуі керек. Олардың арасындағы достық қарым-қатынасы маңызды. Әлемдегі бейбітшілік үшін қозғалыста Қазақстанның рөліне де ерекше тоқталды бүгін жиын қатысушылары. Көпшілігі, қарусыздандыру процесінде басты рөлді Қазақстан атқаруы тиіс деп санайды. «Астана клабтың» ашық отырысы үш күнге жалғасады. Сарапшылар онлайн да, оффлайн да қатысып жатыр.

Нино Бурджанадзе, "Біртұтас Грузия-Демократиялық қозғалыс" партиясының төрағасы (Грузия):

- Қазір әлем елдерінің бір көзқарастары болуы аса маңызды деп ойлаймын. Бір ел вакцинаны мойындап, енді бірі одан бас тартып жатса, бұл азаматтардың күмәнін қоюлата түседі. Вакцинаның адамзат денсаулығына  қаншалықты маңызды екенін азаматтар енді түсініп келе жатқандай. Қазір дүние жүзі ғалымдары бұны түсіндіру үшін барын салып жатыр. Бірақ өкініштісі, антиваксерлердің жарнамасы күшті болып тұр. Олардың сөзіне азаматтар тез иланып қалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде