{metadescription}
Ақтөбеде шаруалар ұлттық жобаны қайта қарауды талап етті
Ақтөбеде шаруалар ұлттық жобаны қайта қарауды талап етті

Ақтөбеде шаруалар ұлттық жобаны қайта қарауды талап етті

Ақтөбеде шаруалар наразылыққа шықты. Олар агроөнеркәсіптік кешен туралы ұлттық жобаны асығыс қабылдаған шенеуніктерге өкпелі. Енді оны қайта қарап талқыға салуды талап етіп отыр.

Жұмабике Айтмағанбетқызы, шаруа қожалығының басшысы:

- Жоғарыдан өздері шешіп, өздері қабылдамау үшін мына біздерден де сұраса. Неге десеңіз, біз соның ішіндегі қиыншылығын, малдың бүкіл дамитынын біліп отырмыз. Сондықтан бізден сұрағанын талап етеміз. Фермерлермен санаспайды. Біздің жанайқаймызды естімейді.

Ауыл шаруашылығына қатысты жанайқайын жеткізуге 100-ге  жуық фермер жиналды. Қарағанды, Батыс Қазақстан мен Атыраудың да шаруалары наразылық білдіруге осында келген. Өйткені бейбіт митингті өткізуге Ақтөбеде ғана рұқсат беріпті. Шаруалардың талап арызы 24 бөліктен тұрады. Оның басым бөлігі субсидияға қатысты. Мал бағып егін салуға қазынадан ақша қарастырылғанымен, оны алу қиын деп ашынды наразы топ. Онымен қоса ел ішінен асыл тұқымды жылқы сатып алуға, суармалы жерде көкөніс егуге қаржылай қолдау көрсетілсін деп отыр. Митингіге келген әкімдік өкілдері шаруалардың талабын қарау үкіметтің міндеті деді. Десе де фермелердің айтқанын билік басына жеткізуге уәде берді.

Панабек Бимұратов, Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Демократиялық елміз. Оған ешқандай қарсылық жоқ. Ұсыныс орынды. Дұрыс. Енді шешімді жоғары жақ өздері қабылдайды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде