Ashyq: Елорданың сауда орталықтарына «көк» түсі барлар кіргізілмейді
Бүгіннен бастап елорданың сауда орталықтарына «көк» мәртебесі бар адамдар мүлдем кіргізілмейді. Қаланың санитарлық дәрігері сондай шектеу шаралары бар қаулыға қол қойды.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
15.11.2021
15-қарашадан күшіне енген құжатқа сәйкес, сауда, ойын-сауық орталықтарына Ashyq-та «жасыл» мәртебесі барлар жіберіледі.
Теріс нәтижесі бар ПТР-тестпен келгендер, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдар анықтамасын көрсеткенде ғана сауда үйлерін оңай аралай алады. Сауда, ойын-сауық орталықтарында егу пунктілері әлі де бар. Егер вакцина алуға келген болса, пункттегілер өзі алып кетуі тиіс. Мұндай қатаң шешімге үй карантинін бұзушылар қатарының көп тіркелгені түрткі болған.
«Жасылдарды» сауда үйлеріне жіберу бір апта бойы пилоттық жоба ретінде қаралды. Қала әкімдігінің бұл шешіміне Кәсіпкерлер палатасы қарсы шыққан еді. Олар мұндай шектеулерден бизнес тұралайды деп қауіптенеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!