{metadescription}
Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай ушығып барады
Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай ушығып барады

Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай ушығып барады

Беларусь пен Польша шекарасындағы жағдай ушыға түсті. Жанын шүберекке түйген босқындар басын қатерге тіксе де, тікен қоршаудың ар жағына өтуге асық. Ал Польша тарапы олардың бетін қайтару үшін күш қолдануға көшті.

Қалқанды тасалаған сақшыларды бергі бетте тұрғандар таспен атқылап жатыр. Тіпті қолына тиген добалдай ағашпен екі араны бөліп тұрған сым қоршауды үзуге әрекеттенді.

Бұл жағдайды тоқтату үшін Польшаның әскерилері су атқыш көлікпен тықсырып,көз жасаурататын газ қолдануға дейін барды. Өңменіңнен өтер салқында суға малынса да, босқындардың алған бетінен қайтқысы жоқ.

Екі елдің шекарасында Таяу Шығыстан босып келген мыңдаған адам бірнеше күннен бері тұр. Олар Еуропаға өткісі келеді. Бірақ әзірге Польша, Литва, Латвия да босқындарды қабылдауға құлық танытпады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.