Әзірбайжан Армения шекарасында әскери қимылдың қайта басталғанын мәлімдеді
Текетірестің нүктесі сол күйі қойылмаған сыңайлы. Бүгін Әзірбайжан билігі Армениямен арадағы шекарада әскери қимылдардың қайта басталғанын мәлімдеді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
16.11.2021
Ресми дереккөздерге сүйенсек, атыстың басталуына Армения бірінші түрткі болған. Оған қарап қалмаған Әзірбайжан бірден қарсы күш қолданып, қарсыластың танкке қарсы құрылғысы мен минометтің көзін жойыпты.
Сайып келгенде екі тарап бір-бірін ерегісті бастады деп айыптап отыр. Баку мен Ереван арасындағы жағдайдың тігісі әлі жатқызылмаған сыңайлы. Даудың басы былтыр Таулы Қарабақтан басталғаны есте. Ол кезде Әзірбайжанның айы оңынан туып, Қарабақты қайтарып, бейбіт келісімге келген болатын.
Ал Ресейдің бітімгершілік күші жағдайды бақылауға уағдаласты. Былтырғыдай үлкен соғыс болмаса да, кішігірім текетірес содан бері ауық-ауық жалғасып келеді
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!