{metadescription}
Алматыда 200-ге жуық жаңа автобус мерзімімнен бұрын істен шықты
Алматыда 200-ге жуық жаңа автобус мерзімімнен бұрын істен шықты

Алматыда 200-ге жуық жаңа автобус мерзімімнен бұрын істен шықты

«Жаппай бұзылып жатыр!» Алматыда жолаушы тасымалдайтын 200-ге жуық жаңа автобус мерзімімнен бұрын істен шықты. ЛиАЗ маркалы қоғамдық көліктер қазір қала сыртындағы алаңқайда қаңтарылып тұр.

Қоғам белсенділері үш жыл да жүріп үлгермеген ресейлік автобустарды «Алматыэлектротранс» компаниясы жөндеуге құлықсыз. "Өйткені жолаушы тасымалына жауапты серіктестік көліктерді қалыпына келтірудің орнына жаңасына тапсырыс беріп, бюджет қаржысын жымқыруды әдетке айналдырған» дейді олар.

Тау болып үйілген бұл автобустар жеті жыл бұрын қала ішінде қатына, жолаушы тасымалдаған. Қоғамдық көліктер жарамсыз күйге түсіп, есептен шығарылды. Енді көліктердің қаңқасы металлға өткізіліп, бөлшектері сатылымға қойылмақ. Олардың саны бұл жерде 400-ден асып жығылады. Тағы 100-і Алматы қаласындағы автобус паркінде тұр.

Тот басып тозығы жеткен автобустар қазір Жетіген ауылындағы ат шаптырым алаңқайға қойылып жатыр. Бірақ осы аумақта ескі көліктермен қатар ЛиАЗ маркалы жаңа автобустар да толып тұр. Үш жыл бұрын ғана жолға шыққан жасыл түсті ресейлік көліктердің ашық аспан астында шаң басып тұруы қоғам белсенділерінің наразылығын туғызды.

Владислав Захаров, қоғам белсендісі:

- ЛиАЗ автобустарының ешкімге керексіз болып далада тұрғаны жауапты компанияға үлкен сын. Қоғамдық көліктер кемі жеті жыл жүретін еді. Неге оларды жөндеп, күнделікті бағытқа шығармасқа? Қалада онсыз да автобус жетіспейді. Бөлшектеріне тапсырыс беріп жасату әлдеқайда оңай. Шаһардың сыртына, ешкім көрмейтін жаққа автобустардың барлығын үйе беру ақылға қонымсыз.

Владислав Захаров «Алматыэлектротранс» қолда барды ұқсата алмай, жаңа автобусқа қайта-қайта сатып алуы «тегін емес» деп отыр. Ол жолаушылар тасымалындағы бейберекетсіздікке өткен жылы ғана қызметіне кіріскен компанияның жаңа басшысын кінәлайды. «Құлқының қамын ғана ойлайтын директор автобус паркін жиі жаңарту арқылы қазына қаржысына қол салуы мүмкін» дейді қоғам белсендісі.

Владислав Захаров, қоғам белсендісі:

- Бұл жерде жемқорлықтың бары айдан-анық. Жаңа автобустарды сатып алу аз ақша емес. Сосын директордың жұмысына көпшіліктің көңілі толмайды. Керек емес шығын көп. Жасыл автобустарды қаланың сыртына әкеліп, мына жерді жалға алу, күзет бар барлығы ақша. Егер ЛИАЗ автобустары көктемге дейін осы жерде тұра берсе, шіріп, мүлдем мінуге жарамай қалады. Сондықтан қоғамдық көліктерді қалпына келтіруге шұғыл кірісу қажет.  

Алматыда түрлі бағытта тұрғындарды тасымалдайтын қоғамдық көліктердің саны мыңға жуық. Олар ресейлік ЛиАЗ, қытайлық Golden Dragon мен Youtoung маркалы автобустары. Соңғысы ескіріп, оның қалада 15-і ғана қатынап жүр. Ал «Алматыэлектротранс» компаниясы қала сыртындағы алаңқайда тұрған жасыл автобустар жөнделеді деп сендірді. Тіпті тиісті бөлшектерге тапсырыс та беріліп қойған көрінеді.

Талғат Әбдікәрімұлы, «Алматыэлектротранс» ЖШС директорының орынбасары:

Қазір ол жерде 600-ге жуық автобус тұр. Соның арасында 128 жасыл автобус. Керекті автобустарды сол жерден әкеліп жасатып жатырмыз. Жылдың аяғына дейін алпысын жөндеп шығарамыз деп отырмыз. Алпыс қозғалтқыш алып қойдық.  Наурыз, сәуір айында қалған автобустарды қалпына келтіреміз. Тізім бойынша барлығын ретке келтіріп отырмыз.  

Жолаушылар тасымалына жауапты серіктестік қоғам белсенділері «тырнақ астынан кір іздеп» отырғанын жеткізді. Компания өкілдері бұрыңғыдай автобустардың техникалық жөндеу жұмыстарын өзге мекемеге жүктемей, тікелей өзіміз жүргіземіз дейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде