{metadescription}
Су нормасы есептеліп, әр отбасыға сараланған тариф енгізіледі
Су нормасы есептеліп, әр отбасыға сараланған тариф енгізіледі

Су нормасы есептеліп, әр отбасыға сараланған тариф енгізіледі

Ауыз су да енді шектеп берілуі мүмкін. Қазақстанда тіршілік нәрін тұтыну нормасын есептеп, әр отбасыға сараланған тариф енгізілмекші. 

Оған себеп: ауылдағы ауыз судың тапшылығы. Тапшылық әсіресе Қостанай, Жамбыл, Солтүстік және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалады. Елде екі мыңдай ауылдың 700 мыңнан астам тұрғыны суды дүкеннен сатып алып ішуге мәжбүр. Тіпті кейбір елдімекендерге әлі күнге дейін құбыр жүргізілмеген. Министрлер кабинеті мәселені 2025 жылы шешуді жоспарлап қойыпты. Онда да 800-ге тарта ауылға су тартылмақ. Ал бірқатар өңірлерде құбырларды кеңейтеді. Оған тағы бюджеттің миллиардтары қажет.

Бейбіт Атамқұлов, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:

- Мысалы, Ақмола облысының Қараөткел ауылында іс жүзінде 300 мыңға жуық адам тұрады. Ал 2018 жылы салынған су құбырлары тек қана 8 мың адамға арналған. Мұндай ауылдарда су құбырлары желілерін кеңейтуге бюджеттен 40 миллиард бөлу қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде