{metadescription}
Ұлттық кеңесте қандай мәселелер айтылды? 
Ұлттық кеңесте қандай мәселелер айтылды? 

Ұлттық кеңесте қандай мәселелер айтылды? 

Қазақстанда жоғары білімі жоқ азаматтарға ауыл әкімі болуға мүмкіндік беріледі. Ұлттық кеңестің мүшелері енгізген осындай ұсынысты президент қолдап отыр. Президент Тоқаев мұндай өзгеріс әкім болсын дейтіндер арасындағы бәсекелестікті арттыратынына сенімді.

Билік әкімдердің сайлауын жүйелеп жатқанда, Маңғыстау жұрты басқаға алаңдаулы. «Мұнай 10-15 жылда таусылады, күнімізді қалай көреміз» деп баын қатырып жатыр.

Президент Алматыдағы адамның бес өліммен аяқталған қайғылы оқиғаны да ұмыт қалдырмай, оған түрткі болған қарыз алушы мен банк арасындағы міндеттерді айқындап берді. Дужновтан кейінгі өзгерістер ауыл әкімдерінің сайлауындағы жаңашылдықтар мен тағы да басқа

Ұлттық кеңесте айтылған мәселелер мынадай:

Соңғы екі жарым жылда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бес отырысы өтті. Әр жиында өзекті мәселелер талқыға түседі, мемлекет басшысы тапсырма береді, кейін оны орындау үшін арнаулы жоспар бекітіледі. Бүгінгі алтыншы отырыста да билік әдеттегісінен жаңылған жоқ. Тоқаевтың үкіметке берген тапсырмасында ауыл әкімдерінің сайлауы бар. Бұрын қазақстандықтар жоғары оқу орнын бітіріп «Дипломмен ауылға» деп ұрандататын еді. Енді жоғары білімсіз-ақ ауылға жол тартуға болады. Анау-мынау емес, әкім болу үшін.

Биыл Қазақстанның 14 өңірінде алғаш рет ауыл әкімдері сайланды. Екі мыңдай үміткердің 730-ы орынтағына жайғасты. Әкім-қаралар төрт жылда ауылдарын түлетуі тиіс. Ал басқару мерзімі аяқталғандар біртіндеп сайлана береді. Болашақ ауыл әкімдеріне деген талап жеңілдетіледі. Колледж сияқты арнаулы орта білімнің дипломы – жеткілікті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

- Мұндай жаңашылдық жергілікті деңгейде ауыл әкімдерін таңдау бәсекелестігін күшейтеді деп санаймын. Өйткені ауылдарда жоғары білім талаптарынан өтпеген, құзіретті, тәжірибелі, белсенді, халық сенім артатын адамдар көп. Сондай-ақ ауыл әкімдерін сайлауда үгіт-насихат кезеңінің ұзартылуы өзекті. Осыған байланысты оның мерзімдеріне түзету енгізу мүмкіндігін қарастырған жөн.

Билік ауыл әкімдерін сайлап әлек болып жатқанда, әкімдері бар, қара алтынның үстінде отырған маңғаз Маңғыстаудың халқынан қазір ұйқы қашқан. Таңын мұнаймен атырып, кешін батырып отырған батыстағы ағайын шикізат таусылуға жақын деп дабыл қағады. Жұмыссыздық, күнкөрістің нашарлауын болжаған маңғыстаулық белсенділер Тоқаевтан солтүстікке көшіруді сұрап отыр.

Уайс Ерсайынұлы, Ұлттық кеңес мүшесі:

- Жобамен 2030, 2035 жылдардан бастап Маңғыстаудағы мұнай өндіру көлемі күрт азая бастайды. Бұл кәсіби терминологияда анықталған, алдын ала бекітілетін мұнай өндірудің табиғи сарқылу процесі басталады деген сөз.  Ертең немесе жақын болашақта мұнай өндіру көлемі азая бастаған кезде халықтың негізгі бөлігіне жұмыссыз қалу қаупі төнеді. Мәселені шешудің жолы ретінде кезең-кезеңімен солтүстікке қоныс аударудың бірыңғай кешенді бағдарламасын әзірлеуді ұсынамын.

Солтүстік Қазақстанға көшірудің барлық жай-жапсарын білетін біздегі шенеуніктер бұл ұсынысты алдағы уақытта айта жатар. Бүгінде солтүстік жақта қандастар көп.

Президент қандастарға қатысты қаулы шыққан күнді атаулы күндер тізіміне қосуды ұсынды. 30 жылда 1,5 миллион қазақ Отанына оралған. Келелі кеңесте мемлекет басшысы мемлекеттік-әлеуметтік нысандарды жеке меншікке беруге тыйым салды.

Алматыдағы 5бесадамның өлімімен аяқталған қайғылы оқиғаны да ұмыт қалдырмай, оған түрткі болған қарыз алушы мен банк арасындағы міндеттерді айқындап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

Бүгін біздің 540 мың отандасымыздың 90 күннен асқан жалпы құны 354 миллиард теңге қарызы бар. Бұл бағытта қарыз алушылардың қаржылық секторға зиянсыз қарыз алуын қолдауға тиімді шешім қабылдау керек. Екінші деңгейлі банктердің кепілдік жұмсақ саясатын қамтамасыз ету талап етіп, бағалау қызметінің жұмысын реттеу керек. Қарыз алушыға мәжбүрлі тәркілеуден бұрын үш ай ішінде кепілге қойылған мүлікті сатуға мүмкіндік берілуі тиіс. Қарыз мүлік бағасының 15 пайызына жетпесе, ал қарыз мерзімі 6 айдан аспаса, тәркілеу дегенді мүлде қолданбау керек.

Қазақстанда бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты ата-аналарға қолдау көрсетілуі мүмкін. Қашықтан жұмыс істеуге, қысқартылған жұмыс режіміне ауысуыға жағдай жасалады. Тоқаев шетелдегідей кеңселерде балалар бөлмесін ашу керек деп есептейді. Мұны заң жүзінде қарастыруды президент шенеуніктерге қадап тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.