{metadescription}
Ұлттық банк борышкерлердің мәселесін шешіп беруге  тырысады
Ұлттық банк борышкерлердің мәселесін шешіп беруге  тырысады

Ұлттық банк борышкерлердің мәселесін шешіп беруге  тырысады

«Қарызымызды толық кешірсін». Алматыда бір топ борышкер Қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдында наразылық білдірді. Шатыр тігіп ас-суын өзімен бірге алып келгендер кезінде ипотекаға үй немесе ақшалай несие алып, енді соны төлей алмай жүр.

Қаржы тапшылығын алға тартқандар қордаланған берешекті толық өтеп беруді сұрайды. Ал Ұлттық банк өкілдері борышкерлерді жеке-жеке қабылдап, мәселені шама-шарқымыз жеткенше шешуге тырысамыз деп сендірді.

Алматылық борышкерлер наразылық шарасына тыңғылықты дайындалыпты. Қаржы нарығын реттеу агенттігінің алдына жиналғандар ас-суын да өзімен бірге ала келген. Наразы топ алдымен шатыр  тігіп, кейін плакаттарын шығарып айғаға басты. Кезінде ипотекаға баспана алып, енді сол несиесін төлей алмай жүргендер «қарызымызды толық кешірсін» деген талап қойды. Көбісі банк  жалғыз үйімізді тартып ала ма деп қорқады.

Гүлбақыш Әбиетиева, борышкер:

- Үйді ипотекаға алғанбыз. 2007 жылы. Жұмыс болмай қалды. Мені ешқандай жерге жұмысқа алмайды. Төлей алмай қалдық. 36 жастағы балам екінші топтағы мүгедек. Үйім әлі банктің атында тұр. Қарыз өтелген жоқ. Жауап жоқ. Несиемді төлеп берсін. Пәтерімді өз атыма аударып берсін. Төлеуге шамам келмейді. 

Шағымданушылардың арасында ипотекадан бөлек, қаржылай несие рәсімдегендер де бар. Қымбатшылық қысып күнкөріс қиындады деген олар несиелік амнистия жариялансын деп ұлардай шулады.

Гүлнәр Байтұрсынова, борышкер:

Ұлттық банк екінші деңгейлі банкке барыңыз дейді. Бір-біріне сілтейді. Бірақ ешқандай нәтиже жоқ. 7 миллион несием бар. Бұл сома айдан айға көбейіп барады. Ал менің төлейтін жағдайым жоқ. Барлығын кешіріп берсін.

Ипотекалық қарызды қайта қаржыландыру бағдарламасы осы күнге дейін борышкерлердің 268 млрд теңге үстеме пайызын кешірген болатын. Бірақ әлеуметтік жағынан осал топқа жататын отбасылар осы жеңілдікке қарамастан, берешегін төлей алмады. Мұны ескерген мемлекет өткен жылы аталған бағдарламаға өзгертулер енгізіліп, арнайы санатқа жататын жандарға тағы да көмек көрсетуді ұйғарған еді.

Александр Терентьев, Ұлттық банктің басқарма басшысы:

Қазір бағдарламаның үшінші бөлігі жүзеге асырылып жатыр.Әлеуметтік осал топқа жататын борышкерлердің негізгі қарызын азайту, ай сайынғы төлемі 20 000 теңгеден сыйақы мөлшерлемесі 3 пайыздан аспайтын және қарыз алушының табысы 2, ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмайтын жеңілдіктер қарастырылған. Тіпті арнайы топтың тізімі де кеңейтілген. Шулап шоу ұйымдастырудың қажеті жоқ. Бар болғаны өтініш жазу керек.

Александр Терентьев ақшалай несие алған азаматтарға шама-шарқымыз жеткенше көмек қолын созуға дайынбыз дейді. Бірақ мемлекет несиемді толық өтеп берсін деген талап мүлдем қисынға келмейтінін айтады.

6 Қазақстанда ипотекалық несие мөлшерлемесін азайтуға арналған бағдарламаға 8 мыңға жуық адам іліккен. Ұлттық банк өкілдері осы тізімдегі 7 мың адамның мәселесін бір жақты қылдық деп отыр. Бас банктегілер қалған мың борышкердің талап-арызын жеке-жеке тыңдап, осы түйткілдің түйінін жылдың соңына дейін тарқатуға уәде берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.