{metadescription}
Газ баллонын сатуда жемқорлық  фактісі болуы мүмкін
Газ баллонын сатуда жемқорлық  фактісі болуы мүмкін

Газ баллонын сатуда жемқорлық  фактісі болуы мүмкін

Шортандыдағы жарылысты кей мәжілісмендер естімеген болып шықты. Сұмдық оқиға туралы білмесе де, депутаттар оған түрткі болған газ баллондарына қатысты сұраққа, мүдірмей жауап берді.

Олардың пікірінше, сұйылтылған газды сататындарды қатаң тексеру керек! Өйткені газ баллонын сатумен айналысатындардың жемқорлыққа қатысы бар болуы мүмкін.

Жамбыл Ахметбеков, Мәжіліс депутаты:

- Қайғылы оқиғаны жаңа ғана өздеріңізден естіп тұрмын.  Әрқашан да әр мекеме өзінің атқаратын ісіне жауапкершілікпен қарау керек. Егер оның газ баллондары ескірген болса, оның металы тозған болса, тот басқан болса, газ құюға келмейтін болса, ол қалайша сертификаттаудан өтіп кетті? Лицензияны қалай алды? Яғни бұл жерде жемқорлық бар деген ой келеді. Түпкілікті сататын жерлердегі мекемелерді қатаң ұстау керек. Ол үшін құқыққорғау органдарына тексеруге құқық беру керек.

Газ баллонын саудалау тәртібін толық өзгерту мәселесі Парламентте жиі көтеріледі. Депутаттар бір кездері газ компаниялары тұтынушыларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ететін ұйымдармен келісімшарт жасасу керек, әйтпесе тұрғындарға газ баллоны сатылмауы тиіс деген ұсыныс айтқан.  Алайда әлі күнге дейін халық қалаулыларының талап-арызына міз баққан ешкім жоқ. Газ баллондарын жарнамалық сайттардан, базарлардан оп-оңай сатып алуға болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.