{metadescription}
Газ баллоны жарылып 3 адам өліп, 10 адам жараланды – Ақмола облысы
Газ баллоны жарылып 3 адам өліп, 10 адам жараланды – Ақмола облысы

Газ баллоны жарылып 3 адам өліп, 10 адам жараланды – Ақмола облысы

Ақмола облысында тұрғын үйдегі жарылыс үш адамның өмірін жалмады. Тағы 10 адам жараланып, ауруханада жатқан алтауының жағдайы ауыр. Жер үйдегі жарылысқа газ баллоны себеп болыпты.

Мән-жайды қазір тергеушілер анықтап жатыр. Ауыл тұрғындары өртті өзіміз сөндірдік деп ашулы. Өйткені құтқарушылардың кеш жеткені өз алдына, өртті өшіретін суы да болмаған.

Күлге айналған үйдің орнында күні кеше үш бірдей отбасы өмір сүріп жатқан. Қоңыр тіршілікті кешкі сағат тоғыз жарымдардың шамасындағы қатты жарылыс бұзған. Далаға жүгіріп шыққан көршілер лаулап жанып жатқан үйді көріпті. Куәгерлердің айтуынша, ортаңғы үйдегі отбасының газ баллоны жарылыпты.

Төлеухан Жарай, көршісі:

- Тарс еткен дауыс шықты. Тарс ете қалды. Шәй ішіп отырғанбыз. Әйелім далаға шықты, үй өртеніп жатыр деп. Жалын деген пытырлап кетті. Өрт сөндірушілер келді. Кешігіп келді ғой.

Сүйтсе көп күттірген өрт сөндіру машинасының суы да болмапты. Олардан қайран болмаған соң, өртке оранып жанұшырып айқайлаған көршілеріне ауылдастары ұмтылған. Шелекпен су шашып әрекет қылған. Тек жарты сағат өтіп, үйдің шаңырағы ортасына түскенде ғана су толы өрт сөндіру көлігі жетіпті. Бірақ ол кезде екі әйел мен бір  баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған.  

Азиза Мақшанай, көршісі:

- Су таситын көлік келгенде суы жоқ, қысым жоқ дейді. Ішінде су жоқ. Шланганы жерге тастағанда су шықты да, адамдар шелекпен, түрлі ыдыспен су тасыды. Екінші су таситын көлік келгенше жарты сағат өтті. Екі жақтағы үш үй ғой, барақ, солар жанып жатты.

Өрт шыққан үйде негізі жеті адам тұрады екен. Кейуана, бала, келіні және төрт немересімен бірге тұрған. Ал кеше түнде достары үш перзентін ертіп қонаққа келіпті. Оқиға орнында қаза тапқандардың екеуі екі отбасының отаналары, бірі сол үйдің төрт жасар бүлдіршіні. Зардап шеккендерді санавиациямен дереу Нұр-Сұлтан қаласына жөнелткен.

Әйгерім Ардаққызы, Нұр-Сұлтан қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы:

- Екі ересек көпбейінді ауруханаға түрлі дәрежедегі күйіктермен  жеткізілді. Екеуі де жансақтау бөлімшесінде. Төрт баланың жағдайы ересектерге қарағанда біршама ауырлау. Екі бала өте ауыр жағдайда, екеуі ауыр, бірақ қалыпты. Балалардың жасы 12,5 және 1 жастағы бала.

Тергеу мәліметінше, өрттің шығуына себеп – газ баллоны. Баллон шамадан тыс толтырылуы мүмкін. Жылы жерге кіргізіліп көлемі ұлғайғанда қысымға шыдамай жарылыпты.

Ал әкімдік су болмағанын жасырмайды. Жөндеу жұмысы жүріп жатқандықтан екі күнге тоқтатқан. Бірақ өрт сөндіру машинасың суы толық болды деп шенеунік міз бақпай отыр.

Малғаждар Таткеев, Ақмола облысы әкімінің орынбасары:

- Жерлеу рәсіміне көмек қыламыз. Екіншіден, уақытша тұруға жалға пәтер  алынды. Содан кейін 22 бюджетке кірістірейін деп отырмыз, тұрғындарға  үш ай алып беруге.

Оның өзін әкімдік бюджет есебінен бөле алмай, жергілікті кәсіпкерлер ұйымдастырмақшы. Ал газ баллонын шамадан тыс толтырып берді деген болжам расталса, газ құю бекетіндегілер де жазасыз қалмайды.

Бес-алты жылсыз бұл аймаққа газ жүргізілмейді. Оған дейін тұрғындар газ баллонын жағып өмір сүруге мәжбүр

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.