{metadescription}
Қайназарлықтар төрт кірпіш зауытынан тұншығып отыр – Алматы облысы
Қайназарлықтар төрт кірпіш зауытынан тұншығып отыр – Алматы облысы

Қайназарлықтар төрт кірпіш зауытынан тұншығып отыр – Алматы облысы

«Кірпіш зауыттарының көзін құрту керек» Алматы облысындағы Қайназар ауылының тұрғындары осылай шу шығарды. Төрт-ақ мың халық тұратын елдімекенде төрт кірпіш күйдіретін зауыт бар.

Тұрғындар ауаға ұшқан өндірістік қалдықтарға тұншығып, ауыл ішінде ауру көбейген. Ал жергілікті әкімдік бұл  түйіткілге қатысты өз жауабын берді.

Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылындағы тұрғындардың бір бөлігіне кірпіш зауыттары көзге шыққан сүйелдей болды. Айта-айта алысып келе жатқанына алты жылдан асты. Өндіріс ошағының зияны болмаса, бізге пайдасы жоқ деп кейіді.

Берік Дуанбеков, Қайназар ауылының тұрғыны:

- Төрт кірпіш зауыты салынған. Санитарлық нормаға кірмейді. Қағаздары, құжаттары дұрыс емес. Оның бәрінде күдіктеріміз бар. Бағана ресми қағаздарды тексеріп, сұрап алсақ, ол жерде айтылған, ауылдың жайылымынан берілген жерлер. Ауылда тұрғаннан кейін малмен күн көру керек қой.  

Биік қыраттың етегінен бой көтерген зауыттардың жыл сайын жылыстап, оны мүжіп жатқаны көзге ұрып-ақ тұр. Жарты жыл бұрын шу шығарған жұртшылыққа аудандық әкімдік жауап хат жіберген. Төрт зауыттың екеуінің құжаты дұрыс емес екенін олардың өзі мойындаған көрінеді.

Нұржан Қалиев, Қайназар ауылының тұрғыны:

- Бізге аудан әкімі замының берген жауаптарында АПЗ, эскиз жобалары ешқайсысы берілмеген. Былай айтқанда, кезінде бұл құрылыс заңсыз құрылыс болып тұр ғой. Өзі бетімен құрылыс салып қойған. Құрылыс 2012 жылдан бері тұрады мына жақта. Ешкім оны көрмейді, әдейір көргісі келмейді. Ешкім оны байқамайды былай айтқан кезде, сол қаншалықты мүмкін?

Бұл сұрақты жергілікті округ әкіміне қойдық. Атқамінер аталған төрт зауыттың екеуі істемейтінін,  қалған екеуі қыстың алдында жұмысын тоқтатқанын жеткізді. Ал заңсыз бой көтерді деген мәселені «нақтылаймыз» деп әңгімені жылы жапты.

Қуат Ақшабаев, Рахат ауылы округінің әкімі:

Ол қағаздарды мен қосымша сұратамын, көремін, содан кейін қосымша  сіздерге жауабын айтамын. Ол бойынша бірнеше рет мен департамент Экологияға комитетіне хат жолдағам. Бір ай болды, қысқы мезгіл уақытқа байланысты төрт кірпіш зауыт та жабық.

Санитарлық талап бойынша зауыттар елдімекеннен кемі 500 метр жерде болуы тиіс. «Бұл ережені де елемей отыр» деген тұрғындар бәрі заң жүзінде шешілуін талап етеді.

Көпшіліктің көзіне күйік болған кірпіш зауыттарының ендігі күйі қалай болары, мәселенің я бүк, я шік түсері әзірге белгісіз. Атқамінерлер тұрғындардың талап-арызын «қайта қараймыз» дегенмен, ауыл халқы шенеуніктер бұл істі түлкібұлаңға сала ма деп алаңдайды. Сондықтан базыналарына президенттің өзі құлақ асып, араша түсуін қалайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде