ШҚО: Қараусыз жүрген төрт түлік иелеріне айыппұл салынып жатыр
Шығыс Қазақстан облысында қараусыз жүрген төрт түлік иелеріне жаппай айыппұл салынып жатыр. Тіпті тәртіп сақшылары Өскемен-Самар тас жолының жиегінде жайылып жүрген бір үйір жылқыны қамап тастады.
Автор: Ұлан Нұрахмет
18.11.2021
26 бас жылқы Самсоновка ауылындағы күре жол бойында иесіз жүрген. Заң бойынша төрт түлікті жол жиегіне жаюға тыйым салынған. Өйткені жол апатына көп жағдайда осы қараусыз мал себеп болады. Мәселен, соңғы үш айда бейберекет жүрген малдың кесірінен 26 жол апаты тіркелген. Оның басым бөлігі Өскемен-Самар тас жолында болды. Сондықтан полиция қызметкерлері салғырттық танытқан төрт түлік қожайындарын жаппай жазалауға көшті.
Асхат Сыбанғалиев, Өскемен қаласы ПБ учаскелік инспекторы:
- Иесін тауып, ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 408-бабы, 1-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Жылқының негізгі қараусыз жүрген бағыты бойынша Өскемен - Самар тас жолында мал қағу фактілері көбейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!