Тоқаев: Қазақстандық дипломаттар мемлекеттік тілді білуі керек
Қазақстандық дипломаттар бірінші кезекте мемлекеттік тілді білуі керек. Тоқаев шет мемлекеттерде қызмет істеп жүргендерге осындай талап қойды. Тіпті үлгі болсын деді ме, президент сыртқы істер министрлігінің алқа отырысында баяндамасын тек қазақша жасады.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
18.11.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:
- Білімді, білікті әрі елге адал қызмет еткісі келетін жастар үшін министрлікке жұмысқа тұру алынбас қамалдай. Бұл ахуалды түзеп, кадр саясатын түбегейлі қайта қарайтын кез келді. Дипломатиялық қызметке ең алдымен көзі ашық, көкірегі ояу, отаншыл мамандар қажет. Қазақстан атынан шет мемлекеттерде қызмет істеп жүрген дипломаттарымыз шет тілдерін ғана емес, алдыменмемлекеттік тілді білуі керек.
Бірнеше жыл бұрын дипломаттарға мемлекеттік тілді заңмен міндеттеуге мәжілісмендер де тырысып көрген. Бірақ Ерлан Ыдырысов Қазақстанның сыртқы істер министрі болып тұрған кезде "дипломатиялық қызметте мемлекеттік тіл бірінші кезектегі мәселе емес" деп қарсы шыққан еді. Бүгінде «Дипломатиялық қызмет туралы» заңға сәйкес, шетелдерге алдымен қазақ тілін білетін мамандар жіберіледі. Тоқаев Қазақстан дипломатиялық қызметінің кадр саясатын өзгертуге қарсы емес. Салаға бір серпіліс қажет деп санайды президент.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!