{metadescription}
Сыртқы қарыз 5 жылда екі есеге өсуі мүмкін – Үкімет саспай отыр
Сыртқы қарыз 5 жылда екі есеге өсуі мүмкін – Үкімет саспай отыр

Сыртқы қарыз 5 жылда екі есеге өсуі мүмкін – Үкімет саспай отыр

Қазақстанның сыртқы қарызы алдағы бес жылда екі есеге өсуі мүмкін. Сенаторлар мемлекеттің берешегін есептеп, көңілі елең-алаң. Ал Үкімет еш нәрседен саспайды. Еселеніп жатқан қарыздар атқарушы билікке қауіпті емес.

Ольга Перепечина, Сенат депутаты:

2022 жылы сыртқы қарыздың ішкі жалпы өнімге шаққандағы көрсеткіші небәрі 0,3 пайызға төмендеп, 31,3 пайызды құрайды. Ал 2026 жылы 37 триллион теңге болады. Үкімет мұны қауіп ретінде қарастырып отырған жоқ. Өйткені ұлттық жоспарда оның ішкі жалпы өнімге шаққандағы көлемін 50 пайызға дейін көтерген. Бірақ экономикамыз әлі күнге дейін шикізатқа тәуелді. Сыртқы нарықтардың құбылмалы болуы тағы бар. Әлемдік экономика тұрақты емес. Бұның барлығы кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қазақстан қазір қосымша шығындарға деп 958 миллиард теңгені сақтап қойған. 2024 жылға дейін бір жарым триллион теңге жұмсалуы мүмкін. Депутаттардың сөзінше, шығын ұлғайған  сайын, сыртқы қарызды төлеу қиынға соғады. 2022 жылы Ұлттық қордың қаржысын пайдалану 15 пайыздық лимиттен асып, 22,8 пайызға жетейін деп тұр.

Кез келген мәселені сырттан қарыз алып шешетін Министрлер кабинетінің жаман әдетін өңірдегі әкімдер де үйреніп алған. Бүгінде жергілікті атқарушы органдардың қарызы екі есеге өсіп, екі триллион теңгеге жуықтап қалған. Келесі жылдың бюджет жобасында мемлекеттік қарызды жабуға бір триллион 200 миллиард теңге тағы бөлініп отыр. 2026 жылға қарай бұл сома 2,5 триллион теңгеге дейін өседі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.