{metadescription}
Ырыққа көнбеген азық-түлік бағасынан инфляция 11,3 пайызға жетті
Ырыққа көнбеген азық-түлік бағасынан инфляция 11,3 пайызға жетті

Ырыққа көнбеген азық-түлік бағасынан инфляция 11,3 пайызға жетті

Қазақстанда жылдық инфляцияның өсуі тоқтады. Бұл туралы Сенат отырысында ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді. Соңғы бес айда ырыққа көнбеген азық-түлік бағасының кесірінен  инфляция 11,5 пайызға жетіп, енді 11,3 пайыз төңірегінде тұрақтаған.

Бұл ауыз толтырып айтатын жетістік емес. Дегенмен Досаев алдағы жылы инфляция дәлізі тағы төмендейтініне сенімді.

Ерболат Досаев, Ұлттық банк төрағасы:

Биыл шілде-тамызда ұзақ сақталатын көкөністер бағасының жаз айларына тән емес және соңғы жылдардағы рекордтық өсуі тіркелді. Ет, өсімдік майы және қант бағасының өсуі инфляцияны жеделдетудің тұрақты факторлары болып қалуда. Мұны өсім деңгейі бойынша әлемдік трендтермен салыстыруға болады.

Осы жазда көкөністің құны антирекорд орнатты. Картоп келісі 500, сәбіз тіптен 800 теңгеге дейін шарықтады. Өсімдік майының литрі мың теңгеге жуықтап, жұртшылық ашуын туғызған еді. Елдің бас банкирі жүйелі шараларды іске асыру арқылы инфляцияны 8 жарым пайызға дейін тұрақтандыра алатындарына сенімді.

Ал 2022 жылы ол көрсеткішті 4-6 пайызғаи жеткізсе, 2025-2026 жылдары 3-4 пайыз деңгейінде болады деген оптимистік ойымен бөлісті. Досаевтың айтуынша, азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалану қарастырылған. Экономиканы одан әрі әртараптандыру және импорт тауарларға тәуелділіктен арылу арқылы ғана инфляцияны  тоқтатамыз деп қорытты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.