85 жылдық: Алматыда Сайын Мұратбековті еске алу кеші өтті
Ұлы суреткерді ұлықтау– ұрпақ парызы. Алматыда қабырғалы қаламгер, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сайын Мұратбековті еске алу кеші өтті.
Автор: Мақсат Мәлік
19.11.2021
Жазушының 85 жылдығына арналған кешке қаламгердің қарындасы, ақын-жазушылар мен әдебиетке құштар жастар қатысты. Жиналғандар Сайын Мұратбековтің шығармашылығы жайында түрлі әңгіме өрбітіп, көңілге сәуле түсіретін естеліктерімен бөлісті. Әдебиет өлкесіне өткен ғасырдың 60-жылдары келіп, өмірдің өзіндей шынайы туындаларымен оқырманды тәнті еткен Сайын Мұратбековтің мұрасы қазақ руханиятының көкжиегін кеңейтуге өлшеусіз үлес қосты. Оның қаламынан туған «Менің қарындасым», «Жусан иісі», «Жабайы алма» және тағы басқа шығармалары мәңгілік өлмес дүниеге айналды.
Смағұл Елубай, жазушы:
- Біз, шәкірттері, оқырмандары ол кісіні жазушы ретінде, аға ретінде ұмыта алмаймыз. Және оны ұлықтау осылай міндетіміз деп білемін. Ұлықтауға лайықты ірі суреткер екені есте болу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!