{metadescription}
0:000:00
175 жылдық: «Жамбыл жырау» кітабының тұсауы кесілді

175 жылдық: «Жамбыл жырау» кітабының тұсауы кесілді

«Жиырмасыншы ғасырдың Гомері» атанған Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай «Жамбыл жырау» кітабының тұсауы кесілді. Онда ақынның жыраулық қыры мен суырыпсалма өнерінің ашылмаған құпиялары айтылады.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жарыққа шыққан туынды көп ұзамай оқырмандардың қолына тиеді.

Ғасыр жасаған ақынның есімін ұлықтау қазір жер жерлерде жүріп жатыр.

Тараз қаласында да Жамбыл Жабаевтың мерейтойына орай «Ұлы Дала ақыны» халықаралық конференциясы өтті. Шараға арнайы келген делегация алғашқы қадамын ақынның монументіне гүл шоғын қоюдан бастады. Одан кейін меймандарға «Жыр алыбы Жамбыл» атты жылжымалы көрме таныстырылды. Мұнда алып тұлғаның кезінде өзі қолданған тұрмыстық заттары мен рухани бай мұрасы, өмірбаяны және шығармашылығы жайында мәліметтер ұсынылған. Сөреде ақының сирек кездесетін жыр жинақтары мен кітаптары да бар. Ал конференцияға қатысушылар Жамбыл Жабаевтың тарихи шығармалары әлі тиісті деңгейде зерттелмеген деген пікірде.

Уәлихан Қалижан, жазушы-журналист:

- Жамбылдың шығармашылығы – ұлттық таным. Жамбылдың тарихи айтыстарының негізінде халқымыздың үлкен жолы жатыр. Тарихы, көмбесі жатыр. Соның бәрін халыққа жеткізу жас ұрпақтың тәрбиесіне қолдану қажет.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде