{metadescription}

Алматыда «Рахат» базарының жанындағы жерді кәсіпкерлер босатпай жатыр

Алматыда «Рахат» базарына қатысты дауға нүкте қойылар емес. Қала әкімдігі үш жыл бұрын сауда дүңгіршектері тұрған жерді жеке кәсіпкерге жалға беріп, жиһаз фабрикасын салуға рұқсат еткен.

Ал 30 жылдан бері нәпақасын сауда-саттықтан тапқан 300-ге жуық кәсіпкер жылы орнын босатуға түбегейлі қарсы.

Содан бері қос тарап соттасып келеді. Бірақ нәтиже жоқ. Осылайша істің сағызша созылғанын айтқан базарға жауаптылар жердің жаңа қожайындары орынды иемдену үшін түрлі айлаға көше бастады дейді. 

Жәмилә Төленова, «ТКМ» ЖШС өкілі:

- Дәлелдемесі жоқ, мемлекетке нұқсан келтіріп отыр. Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз пайдаланып отыр. Жеке кәсіпкерлерді пайдаланып отыр. Ана жерде әлеуметтік наразылық тудырып отыр деген баға беріп отыр. Бұл өте бір ауыр айыптау. Ол кәдімгідей наразылық тудыратын жайт. Қазір сеніп келген сот билігі осындай әрекетке барып отырса, ары қарай қандай билікке сенуге болады.

Бүгінгі басқосуда базарға жауаптылар базынасын баса айтуға жиналыпты. Өйткені «ТКМ» мен «Almaty CPS» ЖШС сот арқылы жаға жыртысуы әлі жалғасып келеді. Бастапқыда базар басшылығына аудан әкімдігі жерді жалға беру уақыты аяқталып қайта арыз жазбағанын айтқан. Артынша ол орынды санитарлық талапқа сай емес, «қызыл» аймаққа кіретін аумақ деп сылтау етіпті. Алайда көп ұзамай 90 сотықтың барлығы сауда емес жиһаз жасайтын фабрикаға айналғалы жатқанын естігенде ашуға булыққан. Содан бері соттың да соңғы шешімі әлі шықпаған. Осыған байланысты келесі тараптың талап-арыздары қанағаттандырусыз қалып, саудагерлер әзірге өз жұмыстарын жалғастыруда. Бірақ қай күні қуып шығар деген күдікпен күн кешіп жүргендерін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде