{metadescription}
0:000:00
Еліміздің батысында тұмау өршіп тұр

Еліміздің батысында тұмау өршіп тұр

Еліміздің батысында тұмау өршіп тұр. Әсіресе бүлдіршіндер арасында жедел респираторлы вирусты жұқтырғандар көп. Тіпті Ақтөбедегі балалар ауруханасында орын жоқ. Тұмау мен ковид белгілерін ажырата алмай үйден ем қабылдап, ауруын асқындырып алғандар да жетерлік.

Ал Батыс Қазақстан облысында бүгін таңертеңнен бері Пфайзер препараты  жасөспірімдер мен жүкті және бала емізетін келіншектерге салынып жатыр. Қызыл деңгейінде тұрған Павлодар өңіріне америкалық вакцинаның алғашқы партиясы енді жеткізілді. 

Қызыл деңгейден шыға алмай жатқан Павлодар облысына Pfizer вакцинасының бірінші партиясы бүгін жеткізілді. Өңірде бұл препаратты алпыс мыңнан астам адамға егуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде төрт жүзге жуық мектеп оқушысы, 130 жүкті және бала емізетін әйелдің ата-анасы дерттке қарсы дәріні алуға келісімін беріпті. Бұған қоса, дәрігерлер ай соңында басталатын ревакцинацияға дайындалып жатыр. 

Гүлнар Бұратаева, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда ата-аналарды, жүкті және емізулі келіншектерді барынша ақпараттандырып таныстыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондай-ақ  келісімін алып, жалпы есебін шығарамыз. Бұл денсаулық сақтау мекемесі үшін вакцинаның қажетті мөлшерін анықтау үшін қажет. Екпе ерікті түрде салынады.

Ал Батыс Қазақстан облысында вакцинацияның бірінші курсынан кейін антиденелер қалмағандарға қайта екпе жасамақ. Тізімнің басында медицина қызметкерлері, мұғалімдер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері  тұр. Жалпы облыста эпидемиологиялық ахуал тұрақтала түскен. Ауру жұқтырғандар саны азайып келеді. Ал дәрігерлерді алаңдатып отырғаны  тұмаумен ауыратындардың көбейгені.  

Нұрлыбек Мұстаев, БҚО санитария—эпидемиологияны бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Қазірдің өзінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы тұмаумен ауырған 9 жағдай тіркелді. Тұрғындар барынша өздеріне және балаларына сақ болғаны абзал. Мұнда да коронавирустан қорғалғандай, бетперде тағып, арақашықтықты сақтап, адам көп жиналатын орындарға бармауымыз керек.Тұмауға да қарсы ресейлік «Гриппол+» препараты бар екенін айта кетейін.

Дәл осылай тұмау Ақтөбе қаласында да қатты тарап жатыр. Әсіресе қызуы көтеріліп түшкіріп-пысқырған бөбектер көбейген.Тіпті балалар жұқпалы аурулар ауруханасында орын жоқ. Covid жұқтырды деген қауіппен ата-аналар бірден алып-ұшы, ауруханаға ағылған. Қуанарлығы, коронавирус жұқтырған кішкентайлар азайғанымен, жедел респираторлы вирусты жұқтырған бүлдіршіндер көптеп тіркелуде. Олардың дені  бір жасқа толмаған сәбилер.

 Әсия Тіржанова, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы:

- Бұл маусымдық ауру. Қазір балалар стционарларының толымдығы 96 пайызды құрап отыр. Науқастардың 70 пайызы бір жасқа толмаған сәбилер. Ата-аналар қорыққаннан аурухана бірден жеткізеді. Сондықтан біз ең алдымен учаскелік дәрігерлер қаралуын сұрап жатырмыз.

Балаларды вакциналау  12-17 жас аралығындағыларға салынады. Иммунизациядан өткен жасөспірімдер ересектермен бірдей екпе алғаны туралы паспортына ие болады. Жалпы соңғы тәулікте індет 1125 адамнан анықталып, 20 адамның өмірін жалмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.