{metadescription}
0:000:00
Тоқаев Алматыдағы екінші жылу электр орталығына барды

Тоқаев Алматыдағы екінші жылу электр орталығына барды

Әзірге қолданыстағы энергоорталықтарды жаңартуды жеделтеу керек. Президент осындай модернизациялау жұмысы басталған Алматыдағы екінші жылу электр орталығына барды. Кешеннің көмірден газға ауысуы бірінші кезекте экологияға пайдалы.

Президент энергия кешенінде құрылыс жұмысының басталғанын білдіретін естелік капсуласын қойды. Жаңғыртудан кейін ауаға таралатын зиянды қалдық көлемі 40 мың тоннаға дейін азаймақ. Жоспар бойынша станция аумағында жаңадан салынатын қуаты 600 МВт бу-газ қондырғысының құрылысы алдағы бес жылда аяқталуы тиіс. Содан кейін Алматы агломерациясы тұрақты энергиямен және жылумен қамтамасыз етіледі.

Екінші жылу электр станциясын газға көшірілуі аса маңызды. Өйткені қалада күнделікті 700 мың көлікпен қоса осы орталықтың түтіні ластап жатыр.Құрылыс қарқыны жоғары. Орталықта көп қабатты ғимараттар бой көтеріп жатқандықтан, жел өтпейді, ауа тазармайды. Бұл да экологияға кері әсерін тигізіп отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

- Ең бастысы, біз экологияны жақсартып, тұрғындарды таза ауамен қамтамасыз етеміз. Мен үшін бұл аса маңызды. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қаланың ауасын тазарту үшін қажетті шараларды қабылдайды деп алматылықтарға уәде бердім. Шын мәнінде, бірнеше жыл бойы қала тұрғындары экологияның ластануынан зардап шегіп келді. Біз бұл мәселені түбегейлі шешуіміз керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

15 наурыз

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.