{metadescription}
0:000:00
Тоқаев АЭС-на қатысты қиын шешім қабылдауға мәжбүр

Тоқаев АЭС-на қатысты қиын шешім қабылдауға мәжбүр

Қазақстан президенті еліміз үшін қиын шешім қабылдауға мәжбүр. Ол атом электр станциясының құрылысына қатысты. Алматыда қаржы саласының өкілдерімен кездесуінде Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергетикасын дамытудың өзектілігін айтып, еліміздегі жарық тапшылығы туралы сөз етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

Мен Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесі бойынша, оның өзектілігі туралы екі рет көпшілік алдында сөйледім. Түптеп келгенде, біз бұл мәселеге қатысты нақты шешімге келеміз деп ойлаймын. Қазақстанда электр энергиясының тапшылығының алғашқы белгілері қазірдің өзінде байқалады. Әрине, электр қуатының жаппай жетіспеушілігі туындаған жоқ. Әзірге тепе-теңдік бар. Алайда алғашқы белгілері білінуде. Сондықтан болашақты ойласақ, біз атом станциясының құрылысына қатысты нақты шешім қабылдауымыз керек. Басшының міндеті де тиімді шешім қабылдау.

Қазақстанда атом электр станциясын салу соңғы жеті-сегіз жылдан бері талқыланып келе жатқан мәселе. Екі жыл бұрын Ресей президенті де Қазақстанда АЭС салу ісін қолдайтынын айтқан еді. Содан бері бұл мәселе қоғам мен саясаттанушылардың аузында жүр. Станцияның нақты қайда салынатыны белгісіз. Бірақ Алматы облысының аймағы көзделген. Дәл осы оңтүстік өңірде жарық тапшылығы сезіледі. Оған майнингтік фермалар санының артуы да себеп. Мемлекет басшысы заңды түрде криптовалюта өндіретіндерді жақтайды.

Тоқаевтың сөзінше, еліміздің биткойн өндірісіне деген қызығушылығы жоғары және ол мол кіріске кенелтуі тиіс. Ол үшін алдымен, цифрлық теңгені айналымға енгізу маңызды. Ал цифрлық валютаның кәдімгі теңгеден қаншалықты жоғары нәтижеге ие болары Ұлттық банктің мойнында болмақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті:

Криптовалюталар объективті фактор және оларға немқұрай қарауға болмайды. Олардың қолданыстағы қаржы жүйесіне әсер ететін тәуекел-қатерлері мен әлеуетін нақты бағалау қажет. Сондықтан елімізде криптобиржаларды құру үшін теңдестірілген реттеу шарттарын қалыптастыру жұмыстарын жандандыру қажет. Басқаша айтқанда, криптовалюталарды шығару бойынша әлемдегі екінші ел бола тұра, қаржы қайтарымын көрмей отырмыз

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Кеше

14 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.