{metadescription}
0:000:00
Ревакциналау науқаны қалай жүріп жатыр?

Ревакциналау науқаны қалай жүріп жатыр?

Елімізде ревакциналау науқаны басталды. Бас санитар дәрігердің қаулысында көрсетілгенгендей, вакцинаның үшінші компонентін медицина қызметкерлері ала бастады. Артынша қаз қатар тізіліп  мұғалімдер, бюджеттік мемекеме қызметкерлері мен күштік құрылымдағылар кезекке тұрады.

Өз еркімен ревакциналауға келгендердің де кеудесінен ешкім итермейді. Дегенмен әзірге үшінші рет вакцина салғызуға асығып жатқан адам жоқ. Дәрігерлер мұны көктемде вакцина алғандардың көбінің мерзімі әлі өтпеген деп түсіндірді.

Оңтүстік астана емханалары есігін айқара ашқанымен, ревакциналауға  келдік деп табалдырық аттағанадар аз. Дәрігерлер әзірге екпе кабинетіне әріптестерін ғана итермелеп жүр. Қаладағы №12 емханадағылар түске дейін осындағы екі адамға ғана екпе салған. Олардың барлығы кезінде «СпутникV»  алғандықтан, қарама-қайшылық ережесін ұстану үшін «КазВАк ты» алыпты.  

 Светлана Постнова, иммунолог:

- «СпутникV» вакцинасы ревакциналауға жарамайды. Егер бірінші рет соны алғандар, қайтадан «Спутникті» салдыруға ниет білдірсе, оған тек «Спутник Лаит» вакцинасы ғана жарамды. Бірақ вакцинаның ол түрі бізде әлі жоқ. Сондықтан қазір біз тұрғындарға «Казвак» пен «Вероселл» вакциналарын ұсынамыз. 

Елорданың №10 қалалық емханадағы егу пунктін бүгін осында жұмыс істейтін ақ халаттылар толтырды. Басқа мамандық иелеріне қарағанда дәрігерлердің коронавирусқа қарсы вакцинаны қайта салдыруға ынтасы жоғары. Медицина қызметкерлері ревакциналау кезінде бірінші салдырған вакцинаны емес, басқа өндірушінің препаратын қабылдауға кеңес берген. 

Тілек Тұмарбеков, Нұр-Сұлтан қаласы №10 емхананың дәрігері:

- Бірінші алған вакцина QazVac вакцинасы. Осыдан алты ай бұрын отандық вакцина, Дүниежүзілік сақтау орындарымен қарым-қатынаста болған соң, отандық QazVac вакцинасын алдым. Қазіргі «Синофарм» вакцинасын ревакциналап жатырмыз. Алып жатқан себебім – денсаулық керек.

Маңғыстау облысы да ревакциналауға асығар емес. Екпе салдырудан соңғы орында тұрған мұнайлы аймақ тұрғындары вакцинаның бірінші, екінші компонентін әлі алып жүр екен.

Жансая Тұрақбаева, эпидемиолог:

- Медициналық қызметкерлер таңертеңнен алып жатыр. Ревакциналау бізде басталып кетті. Векторлы вакцина, яғни «СпутникV» алғандар белсенділігі жойылған вакциналарды алуға болады. Яғни ол 9 айдан кейін. Егер белсенділігі жойылған вакциналар алса, яғни «Казвак» алса, алты айдан кейін «СпутникV» ала береді. 

Жамбыл облысында да  қайтара екпе алуға ағылып жатқан ел-жұрт жоқ. Мұнда көш басында жүргендер медицина қызметкерлері. Мерзімі келген соң, олар кеселге қарсы тұратын дәріні қайта қабылдауды ұйғарыпты. 

Гүлнәз Орынбек, эпидемиолог:

- Олардың қандай вакцина алғаны туралы мағлұмат аламыз. Одан кейін уақыты өтті ме. «СпутникV» алғаннан кейін 9 ай, басқа вакциналар 6 ай есептеліп, одан кейін шақырамыз міндетті түрде. Барлығы ерікті түрде, бірақ та әркім өз денсаулық жағдайына байланысты өзінің шешімі ғой. Алғысы келсе, әрине, міндетті түрде келіп алуына болады.

Қарағандыда да екпені қайта алуға келгендердің қарасы сирек. Мұнда вакцинаны алғаш қабылдаған ақ халаттылар жұмыстарынан қолы қалт еткенде екпе кабинетіне бас сұғып жүр. Айтуларынша вакцинаның қауіпті кеселге ағзаның шама-шарқына қарай тойтарыс беретініне сенімі  орныққан.

Әсел Бекбаева дәрігер: 

Hayat-VAX  вакцинасын мамырда алдым, Одан бір ай көлемінен кейін екінші компонентін алдым. Енді үшіншісін алуға келіп тұрмын,  ревакцинаға.  Hayat-VAX-тың орнына жүріп жатыр. Вакцина болмаған кезде ауыру жұқтыру қаупі көп болды ғой, қазіргіге қарағанда. Өйткені қазір барлық мүмкіндіктер қарастырылған себептен, ойлаймын, вакцина салдыру керек.

Дәрігерлер аяғы ауыр әйелдер де қайтара екпе алуына әбден болады дейді. Тек оларға «Пфайзер» вакцинасын салу ғана қарастырылған. Ал жоғарыда аталғандар көктемде жаппай «СпутникV» вакцинасынан бастағандықтан, қазір тек «КазВак» пен қолда бар «Вероселл» ғана салдыртып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.