{metadescription}
0:000:00
Шымкентте қызметін адал атқарған инспектор қудалауға ұшыраған

Шымкентте қызметін адал атқарған инспектор қудалауға ұшыраған

Қарға қарғаның көзін шұқыды. Шымкентте мас күйінде көлік жүргізген әріптесін ұстаған жол сақшысы әділдік іздеп сенделіп жүр. Полиция лейтенанты Болат Жанбота былтыр ішіп алып көлік тізгіндеген өзіндік қауіпсіздік қызметкерін ұстапты.

Бірақ қызметін қалтқысыз орындаған инспектор көп ұзамай қудалауға ұшыраған. Оны «Ішкі істер органдарының абыройына нұқсан келтірді» деген желеумен жұмыстан босатып тыныпты.

Жұмыстан кетуге себеп болған оқиға былтыр желтоқсан айында болған. Аға инспектор Болат Жанбота қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушіні тоқтатпақ болған. Алайда жүгенсіз жүргізуші қаша жөнелген. Оны бірнеше экипаж қуып жүріп ұстапты. Сөйтсе тізгіндегі жүргізуші мас болған. Оны сараптамаға апарғанда полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік қызметкері екенін білген. «Кім болса да хаттама толтырамын» деген лейтенанттың басы содан бері пәлеге қалыпты.

Болат Жанбота:

Тексеру барысында жүргізуші Түркістан облысы полиция департаментінің жеке қауіпсіздікті басқару қызметкері боп шығады. Сол бойынша біз баяндадық басшылыққа. Кезекші жеке қауіпсіздікті басқару қызметкерін шақыртып, сол уақытта баспасөз қызметі келеді. ЖҚБ басшы құрамы менен түсініктеме бер дейді. Не бойынша, не түсініктеме деп айтсам, бұлар айтады, сені қорғау мақсатында, қазір ол қызметкер саған қарсы арызданады.Мен оларға сол себептен, сене отырып айтқанындай, жазып берем, баспасөз қызметін шақырдым деп жазып беремін.

Алайда ертесі күні Болаттың ісін полиция департаментінің тәртіптік кеңесі қарап, «ішкі істер министрлігінің абыройына нұқсан келтірді» деген желеумен жұмыстан қуған. Екі жыл қызметінде «сөгіс түгілі, ескерту алмадым» деген экс-полицей бұған дейін де бір әріптесін ұстатып жіберіпті. Яғни өзінен ақша бопсалаған тағы бір өзіндік қауіпсіздік қызметкерін жемқорлыққа қарсы күрес мамандарына ұстап берген. «Осындай әділдігім үшін басшыларға жақпай қалдым» деген экс-полицей ішкі істер жүйесінде былық көп дейді.

Болат Жанбота:

- Сонда полиция қызметкерлері қарапайым халықты жазамыз, ал заңда жүрген адамдарды мемлекет қызметкерлеріне заң жоқ па сонда? Оларға арыз рәсімдей алмаймыз ба? ҚР президентінің жарлығы бар, өзі айтқан сөздерінде, «рөлге отырған мас жүргізуші – адам өлтіруші»  деп айтылады.

Шындық іздеп шырылдаған азамат Шымкент қалалық полиция департаментіне барды. Алайда департамент бастығы жағдайға қанық емеспін деп, камера алдында ашық сөйлесуден бас тартты.

- Мен бірінші, түсініп алып жағдайды, одан кейін керек болса, сұхбатты ... формамды ауыстырып ... мен қазір жаттығудан келіп отырмын, жағдайды түсінейін.

Мас полицейді ұстағаны үшін Болат Жанботаны жұмыстан қуған тәртіптік кеңестің төрағасы да ләм-мим деп ештеңе айта алмады. Себебі өзіндік қауіпсіздік басқармасы тікелей министрлікке бағынады деп шығарып салды.

Департаменттен жауап болмаған соң, министрлікке хабарластық. Бірақ ондағылар экс-полицейдің ісін сот қарады деп, Шымкенттегі әл-Фараби сотына сілтеді. Ал шешім шығарған аудандық судья уақыты жоқ екенін айтып жауаптан ол да жалтарды. Сондықтан 11 ай бойы Шымкенттегі құзырлы орындарды аралап шаршаған экс-полицей өз ісін қайта қарауын сұрап, ішкі істер министрінен бастап, жоғары сотқа дейін шағымданбақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.