{metadescription}
0:000:00
Құлагер ықшамауданында оқушылардың жол апатына түсуі жиілеген – Көкшетау

Құлагер ықшамауданында оқушылардың жол апатына түсуі жиілеген – Көкшетау

Көкшетауда 11 жасар оқушыны көлік қағып кетті. Ауыр жарақат алған кішкентай қыз ауруханада жатыр. Осы оқиғадан кейін апат болған Құлагер ықшамауданының тұрғындары шу шығаруда.

Өйткені бұл жерде оқушылардың жол апатына түсуі жиілеген. Қала іргесінде тұратын 400-ге тарта бала қазір әр түпкірдегі мектептерге барып оқуға мәжбүр. Ал жаңа салынып жатқан мектеп құрылысы сағызша созылып кеткен. Жұрттың оны күтіп жүргеніне алты жылдан асыпты.

Жол апаты кешкі сағат жеті шамасында болған. 11 жасар оқушы автобустан түсіп, жүргіншілер жолымен өте бергенде, оны қатты жылдамдықпен келе жатқан  Volvo көлігі қағып өткен. Тас қараңғы көшеде құлап жатқан баланы біраз уақыт ешкім байқамаған дейді тұрғындар.  Анасынан жастай айырылған кішкентай Нарғыз қазір нағашыларының қолында екен.Сол күні туыстары автобустан күтіп алуға үлгермей қалған.

Қайрат Оспанов, атасы:

- Келсек, жедел жәрдем машинасы тұр. Айқай-шу. Жедел жәрдемнің есігі ашық тұр, кірдік, жылап, есін білмейді. Жылай береді, жылай береді. Қызым қайтыс болған, немерелер біздің қолда. Алла тағала аяған ғой, аман, әйтеуір.

Нұржан Ысқақов, нейрохирург:

- Жағдайы бір қалыпты. Бізге жедел жәрдем әкелгенде есін әрең жиды. Амнезия болған.Тіпті не болғанын әрең есіне түсірді. Миы шайқалыпты. Иығынан соққы алған. Аяғының тобығы сынған. Гипс салынды. Қазір есін біледі. Ем алып жатыр.

Осы жағдайды естіп балаларының өміріне алаңдаған тұрғындар шу шығарды. Өйткені бұл шағын ауданның оқушылары қалаға қатынап оқиды. Ал құрылысы алты жыл бұрын басталған мектеп әлі пайдалануға берілмеген.

Сәрсенбай Сердалин, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Мен осыған дейін бес облыс әкімі, алты қала әкімінің алдынан өттім. Өсіп келе жатқан балаларымыз мектепке мұқтаж. Осы мектеп басталғалы 7 жылға кетті. Содан бері бір бітпей қойған неғылған мектеп екенін түсінбей қойдым. Мектеп дайын болса, мүмкін ондай қауіп төнбес пе еді.

Ал атқамінерлер құрылыстың сағызша созылуына қымбатшылық себеп дейді. Яғни мердігер компания мектепке бөлінген ақшаны жеткізе алмай жүр екен.

Нияз Байғожин, Ақмола облысы құрылыс басқармасының бөлім басшысы:

Қаржыландыру дұрыс болған жоқ. Ол алған қаражатты игеріп отырды. Мердігер жетпеген жеріне өз ақшамды салдым дейді. Енді іргетасына қалтасынан салған ақшаны талап етіп соттасып жүр. Үш рет құрылыс материалдары қымбаттап, қайта есептеуге берген. Уақыт солай созылып кетті.

Мемлекеттің қыруар қаржысына салынып жатқан мектепті тұрғындарға  шенеуніктер де, мердігер де жыл сайын тапсырамыз дейді екен. Биыл да есігін айқара ашады деген сақалды құрылыс келесі жылға қалған. Айтуларынша, жылда құрылыс материалдары қымбаттаған сайын қайта есептеп, қайта жобалайтын құрылыс саласындағылар жұмысты бітірер түрі жоқ

Шенеуніктер 975 миллион теңге бөлінген мектепті жаңа оқу жылы қарсаңында тапсырамыз деп отыр. Бас мердігерден құрылысты тезірек аяқтауды талап етпекші. Сондықтан Құлагер ықшамауданындағы оқушылар биыл да қыраулы қыста қалаға қатынап оқуға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.