{metadescription}

Интернет-алаяқтық бір жылда 80 пайызға артқан

Қазақстандықтардың интернет арқылы алдануы жиілеген. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, алаяқтықтың бұл түрі тек соңғы бір жылдың өзінде 80 пайызға артыпты.

Қылмыскерлердің арасында төлем картасының мәліметтерін сұрайтын банк қызметкері, тіпті депутаттың штаттан тыс кеңесшісі болып халықты алдағандар бар.

Интернет беттерінде жалған жарнама іліп, азаматтардан алғытөлем алып, кейін ізін суыту қылмыстың ең көп таралған тәсілі. Полицейлер аталмыш оқиға бойынша сегіз мыңнан астам іс тіркеген.

Қазақстандықтар онлайн несие рәсімдеудің де құрбаны болып жүр. Алаяқтар «жеке куәліктері жоғалды» деген ақпараттарды пайдаланып, несиені сол адамның атына оп-оңай рәсімдейді екен. Ал азаматтардың банк шоттарынан ақша ұрлау ісі бойынша тәртіп сақшылары екі мыңнан астам істі тіркепті. Қылмыскерлер банк қызметкері болып клиенттердің жеке деректерін пайдаланған. Жыл басынан бері интернет алаяқтық 18 мыңға көбейген. Заң бұзушылықтың қарқынын бәсеңдетуге жедел іс-шаралардың өзі көмектеспей отырған көрінеді. Сондықтан ішкі істер министрлігі халықтан сақ болуды сұрайды.

Қанат Нұрмағамбетов, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары:

- Алаяқтар сілтеме жіберіп, сол арқылы фишинг  интернет ресурстарда төлем жасауды сұрайды. Интернет банкингтің құпиясөзін жиі ауыстырып отыру керек. Банктер ұсынатын 3D қорғанышын және тағы да басқа қауіпсіздік шараларын қолдануға кеңес береміз. Және де банк шоттарыңыздағы ақшаның айналымын жиі тексеріп тұру қажет. Жалпы интернет алаяқтық пандемия кезінде адамдардың үйінде отырып, интернет желісі арқылы тауарға тапсырыс беруі себепті көбейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде