Қос полковник 8 жылға сотталды – Ақмола облысы
Ақмола облысында қос полковникке қатысты сот үкімі шықты. Мемлекет қаржысын жымқырған лауазымды полицейлер 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
22.11.2021
Ринат Шақуанов, Көкшетау қаласы сотының судьясы:
- Асан Садуов пен Сауле Жұмалина алдын ала сөз байласып,жымысқы ойын жүзеге асыру үшін жалған іссапар ұйымдастырып, жөнді-жөнсіз қызметкерлерге сыйақы тағайындаған. Полиция күні мерекесін тойлауға да бюджеттен қыруар қаржы бөліп қалталарына басқан.
Үкім облыс полиция департаменті қаржымен қамту басқармасының бұрынғы бастығы Сәуле Жұмалинаға да қатысты. Ол да енді 8 жылын темір тордың ар жағында өткізеді. Сот екеуін де полковник шенінен айырды.
Олар енді өмір бойына мемлекеттік қызметке маңайлай алмайды. Екеуі осыдан екі жыл бұрын қызметін пайдалана отырып мемлекет қаржысын жымқырды деген күдікпен қамауға алынған болатын. Өзара сөз байласып, полиция қызметкерлеріне сыйақы тағайындау, іссапарға жіберу туралы жалған бұйрық шығарған. Бөлінген ақшаны қол астындағы қызметкерлерден жинап алып отырыпты. Осылайша 17 миллион 400 мың теңгені қалталарына басқан. Бұрынғы екі полковниктің қолына сот залында кісен салынды. Олар жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!