{metadescription}
0:000:00
Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр

Ақтөбе облысында белгісіз мал ауруы тарап жатыр. Алға ауданында мүйізді ірі қараның сілекейі ағып қызуы көтерілсе, буыны әлсіреген қой-ешкі жүре алмай қалады екен. Тұрғындар аусыл тарады ма деп алаңдаулы.

Бірақ мамандар бұл індеттен малға да, адамға да қауіп жоқ деп отыр. Төрт түлігі жаппай дертке шалдыққан Бестамақ ауылына КТК тілшісі барып келді.

Алға ауданына қарасты Бестамақ ауылының тұрғындары алаңдаулы. Қорасындағы қой-ешкісінен бастап, мүйізді ірі қарасы белгісіз індетке шалдыққан. Бұрын ақырдағы жем-шөптен бас алмайтын төрт түлігі бір жұтым су да ішпей қалыпты. Тұрғындар ауылда аусыл тарады ма деп қорқып отыр. 

 Ахмадин Мұқашов, Бестамақ ауылының тұрғыны:

- Аузынан су шұбырып тұрады. Шөп жемейді. Жем жемейді. Су ішпейді. Ыңырсып тұра береді. Әуелде сиырды аусыл деп қорықтық. Бәрі де солай деді. Қойға аяққа түседі, сиырдың аузы сондай болады деді.

Белгісіз бұл кеселден тек қана ірі қара малы емес, ұсақ малдар да ауырған. Әсіресе қойлардың  алдыңғы екі аяғы бүктетіліп, еңбектеп жүре алмай қалған. 

Бұл індеттен Бестамақ аулында әзірге 7 бас мал өлген. Дегенмен тұрғындар өз бетінше елден естіген ем-домын жасап жатыр. Кеселдің кесірінен мал ұстаудан қорқып қалғанын жасырмайды.

Балжан Жақсылықова, Бестамақ ауылының тұрғыны:

- Бірінші болғанда, әрине, қорқынышты. Малды ұстағымыз келмей кетті. Қорқамыз. Жұға береді. Тіпті үйде тұрған бұзауға да жұқты. Сиырлар даладан келді ғой енді. Біздікінде сілекейі шұбырған жоқ, бірден әлсіздік пайда болды. Сосын барып сілекейі шықты.

Жергілікті шенеуніктер бұл кеселден малға да, адамға да қауіп жоқ деп отыр. Ауру белгілері аусылға ұқсағанымен, ондай қауіпті емес деп сабырға шақырады.

Мейірхан Ермағанбетов, Алға ауданы әкімінің орынбасары:

- Адам денсаулығына тікелей әсер ететін, иә болмаса, тағы да бір жұқпалы мәселелер бойынша ешқандай да бір факті тіркелген жоқ. Расталған жоқ. Ветеринарлық ұлттық орталыққа жіберіп, ол ұлттық орталықтың сынаманың қорытындысы бойынша бұл инфекциялық ринотрахеит ауруы деп анықталған болатын.

Бұл ауру Алға ауданының Бестамағынан бөлек, көрші екі ауылда анықталды. Індет малдан малға жұғады. Ринотрахеит жұқтырған мал төл тастайды екен. Сауынды сиыр болса, сүті қашады дейді мамандар. Ал етін ауру жазылған соң екі аптадан кейін жеуге болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде