{metadescription}
Балаларға вакцина паспорты берілмейді
Балаларға вакцина паспорты берілмейді

Балаларға вакцина паспорты берілмейді

Балаларға вакцина паспорты берілмейді. Тек Pfizer салдырғандардың екпе кітапшасына ғана жазылады. Осылайша ата-аналардың бұл мәселеге қатысты уайымдауына еш негіз жоқ деп отыр денсаулық сақтау министрі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қай бала вакцина салдырғанын біз міндетті түрде жазамыз. Бұл ата-аналардың сұрауы. Олардың талабы орынды. Перзенттерінің екпе салдырғанын ресми түрде расталғанын қалайды. Әр баланың екпе кітапшасы болады ғой.  Мысалы, міндетті түрде салдыратын қызылшаға қарсы екпені алайық. Сол секілді вакцина салдырды деп кітапшаға жазылады.

Министр көптің көңілін күпті қылған «Ашық» қосымшасы туралы да айтуды ұмытпады. Балалар ол қосымшаға енгізілмейді екен. Демек, вакцина алмағандары да сауда, ойын-сауық орталықтарына емін-еркін кіре алады.

Денсаулық сақтау минстрлігінің дерегінше, бүгінде 35 мыңға жуық азамат америкалық препаратты салдырса, оның 26 мыңы 12 жастан асқан балалар. Қалған 9 мыңы ғана жүкті және бала емізетін әйелдер. «Бірақ бұл тым аз», - дейді Цой.

Қазіргі таңда Қазақстанға Pfizer-дің 645 мың дозасы жеткізілген. Алдағы уақытта тағы әкелінбек. Індет жұқтырғандар саны азайып келеді деген министр сақтық шараларын ұмытпау керектігін тағы еске салды. Ал жаңажылдық, мерекелік кештерге байланысты шешімді аймақтардағы санитарлық дәрігерлер қабылдауы тиіс.

Оын-сауыққа қатысты тыйым Алматы қаласында ғана бар.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Денсаулық сақтау  министрлігі жаңа жылдық кештерге байланысты қандай да бір нақты шешім қабылдамайды. Сол өңірдегі эпидахуалға қарап жауапты санитарлық дәрігердің қаулысы шығады. Яғни қанша адамға рұқсат берсе, сол межеден асырмаса болғаны.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде