{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінде арманым орындалып отыр
Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінде арманым орындалып отыр

Нұрсұлтан Назарбаев: Бүгінде арманым орындалып отыр

Тұңғыш президент күні және ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстанның әр саладағы үздіктері Нұр-Сұлтанда жиналды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» форумына жетістікке жеткен жастар шақырылған.

Ал жиын Елбасының видео құттықтауымен басталды. Нұрсұлтан Назарбаев егемендік алған сәттен бастап жастар елдің берік іргетасы екенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті:

- Мен Қазақстанды тәуелсіз мемлекет деп жариялаған тұста елімнің келешегі жарқын, халқы бақуатты, жастары бақытта болсын деп армандадым. Өскелең ұрпақтың сапалы білім алып, лайықты өмір сүру долында аянбай еңбек еттім. Бүгінде сол арманым орындалып отыр.

Талапкерге серпін болған «Серпін», «Болашақ» секілді бағдарламалардың алғашқы түлектері сөз сөйлеп, мұндай жобалардың мән-маңызына тоқталды. Жиын соңында 19 жас маман «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталды. Бұл әртүрлі салада топ жарған үздіктерге берілетін марапат. Тұңғыш президенттің бастасымен 1993 жылы алғаш рет табысталған. Содан бері 300-ге жуық үздіктің бірі –  «Славян базары» халықаралық ән байқауының жеңімпазы Рухия Байдүкенова.

Рухия Байдүкенова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты:

- Мүмкіндіктер бар. Қолдайтын аға-әпкелеріміз бар. Солардың арқасында, өзіміздің талантымыздың арқасында. Бізде таланттар өте көп. Бізден кейінгі ұрпақ бізден де биік жетістікке жетеді деп ойлаймын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.