Алматыға келесі жылы 50 электроавтобус жеткізіледі
Алматыда автобус тапшылығын жоюға бір жыл жете ме? Бүгін қала әкімінің орынбасары Серік Құсайынов көпшілік кіжілін туғызған қоғамдық көліктердің жайына қатысты жауап берді.
Автор: Асқарбек Қазанғап
24.11.2021
Атқамінер келер жылы кемі 50 электроавтобус сапты толықтыратынын жеткізді. Қазір шаһарда 150 бағыт бойынша 21 компания жолаушы тасымалдайды. Бірақ оның өзі 2 миллион тұрғыны бар қалаға аздық етуде. Өйткені іргедегі Алматы облысының аудандарынан күнделікті милллион адам қатынап жұмыс істейді. Әсіресе қаланың батыс бағытындағы «Алтын орда» базары жағындағы аялдамадан автобустарға халық лық толып мінетіндіктен, келесі аялдамадағы жолаушылар сыймай, келесісін күтуге мәжбүр. Жаңа электроавтобустардың қосылуы бұл олқылық орнын толтырады деген сенімде атқамінер.
Серік Құсайынов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:
- Барлық бағытты нормативке сәйкес қажет автобустармен толтыра алатындай жағдайға жетеміз. Таңда болсын, кешке болсын, уақыт интервалында айырмашылық болмайды. Аялдамалардағы ұзын-сонар-кезек мәселесі осылайша ретке келеді. Автобус жүргізушілері тапшы. Жүргізушілердің жетпіс пайыздан астамы қала сыртынан қатынап істейтіндер. Алматыда жүргізушілер аз. Сондықтан бұл проблеманы да шешуіміз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!