{metadescription}
Баласын 38 рет пышақтап өлтірген әйел қылмыстық жауаптан босатылды
Баласын 38 рет пышақтап өлтірген әйел қылмыстық жауаптан босатылды

Баласын 38 рет пышақтап өлтірген әйел қылмыстық жауаптан босатылды

Атырауда төрт айлық баласын 38 рет пышақтап өлтірген қатыгез ана қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Тек тәртіп сақшыларының қатаң бақылауында болып, бірнеше ай психиатриялық диспансерде емделетін болды.

Себебі сот төрағасы мұндай жантүршігерлік жағдайға тек есі дұрыс емес адам ғана барады деп  шешім шығарды.

Зарема Хамидулина, Атырау облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрайымы:

- Есі дұрыс емес күйде жасағаны үшін ҚР ҚК 16-бабына сәйкес, қылмыстық жауаптылықтан босатылсын. Армангүл Юсупова Бахиеваға мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда емдеу тағайындалсын. Бахиева аталған емдеу мекемесіне жіберілсін. Оның денсаулығын қадағалау мекеменің бас дәрігеріне жүктелсін.

Осыған дейін болған сот отырыстарында күдіктінің күйеуі әйелінен психикалық ауытқулар байқағанын жасырмаған. Тіпті сәбиі жылаған кезде көзіне елес көрінетінін жиі айтқан. Шешуші сот отырысына да баласын пышақтаған келіншек қатыса алмады. Өйткені 42 жастағы әйел қазір психиатриялық диспансерде жатыр. 

Дәрігерлердің айтуынша, осы күнге дейін науқастың бауыр еті – баласын іздеп немесе өткен іске өкінген әрекеті мүлде байқалмаған.

Сәуір айында Көптоғай ауылының тұрғыны төрт айлық сәбиін үйінде пышақтап өлтірген. Ол жолдасы аудан орталығына кеткенде осындай қылмысқа барыпты. Шақалақтың шыңғырған дауысын көршісі естіп полиция шақырған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде