Мәжілісмендер: Жәрдемақы жыртық жамауға да жетпейді
Жәрдемақы жыртықты жамауға жетпейді. Әсіресе көпбалалы және мүгедек бала тәрбиелеп отырған аналарға төленетін ақшаға күн көру мүмкін емес деген мәжілісмендер бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін біраз сыбап алды.
Автор: Елдос Есенбол
24.11.2021
2022 жылдың 1-қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақы 5 пайызға ғана көтерілмек. Депутат Ерлан Смаиловтың шамына тиген де осы сан. Бұл тиын-тебен азық-түлік түгілі, баланың жөргегіне де жетпейді. «Жәрдемақыны көтергенде күн сайын өскен баға неге ескерілмеген?» дейді ашулы мәжілісмен. Сондықтан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін "Бюджетті халықтан қорғау министрлігі" деп қайта өзгертейік деп отыр.
Қазіргі таңда бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы тек 110 мың теңгеге дейін.
Ерлан Смаилов, Мәжіліс депутаты
- Жаңа жылдан бастап көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілетін жәрдәмақыны еселеп өсіруді сұраймыз. Сондай-ақ баланың білім алуына, спортпен шұғылдануына, дұрыс тамақтануына көңіл бөлетін кез келді деп ойлаймыз. Және осы бағытқа бөлінетін қаржының қайда жұмсалатынын қатаң қадағалау керектігін де маңызды деп санаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!