Чайковский атындағы колледжде «Көшпенділер әуені» байқауы басталды
«Көшпенділер әуені». Бүгін Алматыда Чайковский атындағы музыкалық колледжде дәстүрлі байқау басталды. Бесінші рет өткізілгелі отырған сайыс тек музыкалық оқу орындарында оқитын ең үздік студенттер арасында өтті. Шараға Нұрсұлтан Назарбаев қоры қолдау білдіруде.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.11.2021
Жылда жалғасын тауып жатқан байқау биыл да салтанатты түрде ашылды. Оған республикамыздың түкпір-түкпіріндегі музыкалық колледждерден 70 өнерлі жас домбырашы мен қобызшылар жиналған. Қатысушылар «Құрманғазы, домбыра», «Қорқыт, қобыз» «Фатима Балғаева, қобыз» сынды үш аталымдармен сынға түспек. Санитарлық талапты сақтай отырып өткізіліп жатқан сайыс жеке-жеке кабинеттте жүргізілуде. Баға берушілер де өз саласы бойынша бөлінген. Колледжде енді үш күн бойы ұлттық саз аспаптарының үні кернеп тұрмақ. Қазылардың көңілінен шығып лауреат атанғандарға қомақты қаржы беріледі.
Біржан Хасанғалиев, П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің директоры:
- Бұл жалпы ұлттық өнерді, соның ішінде дәстүрлі музыканы қолдауда өте маңызды жоба. Колледжде оқитын балаларға арналған байқау. Сондықтан да олар өзінің сахнада болашақ өнерінде бір шабыт алып, өзін жақсылап көрсетсе, болашақта да биік жетістіктерге жетеді деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!