{metadescription}
Ақтөбеде жүздеген адамды алдаған Golden city басшысы сотталды
Ақтөбеде жүздеген адамды алдаған Golden city басшысы сотталды

Ақтөбеде жүздеген адамды алдаған Golden city басшысы сотталды

Ақтөбеде қаржы пирамидасын құрып жүздеген адамды тақырға отырғызған тұрғынға сот үкімі шықты. 38 жастағы Қайрат Ізтілеу заңсыз қаржылық ұйымды басқарғаны үшін алты жарым жылын енді түрмеде өткізеді.

Golden city деп аталатын қаржы пирамидасы былтыр құрылған. Ақтөбеде небәрі бір-ақ ай жұмыс істеген. Осы уақыт ішінде мыңдаған адамды өзіне тіркеп, ең аз дегенде 300 мың теңгеден алып отырған. Бұл ұйымға көбі бір жарым миллионнан үш миллион теңгеге дейін ақша салған. Алайда басшысы бір түнде бар қаржыны алып қашып кеткенімен, кейін ұсталды. Қайрат Ізтілеу сот отырысында кінәсін толық мойындаған. Елді алдағанын айтып, сан соғып қалған тұрғындардың теңгесін қайтарып беруге уәде етті.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облысы сотының баспасөз хатшысы:

Сот үкімімен Қайрат Ізтілеуге 7 жыл мерзімге коммерциялық мекемелерге басшылық лауазымды атқару құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің пайдасына 70 миллион 350 мың теңге өндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.