{metadescription}
Алматыда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін
Алматыда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда қоғамдық көлік жолақысы қымбаттауы мүмкін

Алматыда жаңа жылдан бастап жолақысы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы әкімдік өкілдері хабарлады. Шенеуніктер: «Қоғамдық көліктегі билет бағасын көтеру мәселесі қажеттіліктен туындады» деп ақталады.

Алайда халықтың төлем қабілетін ескереміз деген әкімдіктегілер қоғамдық талқылау арқылы ғана шешім қабылдаймыз деп сендіріп отыр.  

Серік Құсайынов, Алматы қаласы әкімінің орынбасары:

Бізде билет құны 80 теңге. Бұл өте төмен тариф. Шындығында жолақы бағасы бұдан екі есе жоғары. Сондықтан билет құнын қаншалықты өзгерте аламыз деген сұрақты жаңа жылдан кейін қарауымыз мүмкін. Әрине, жолаушы тасымалдаушы компаниялар оған қазірдің өзінде әзір тұр. Қайнауы жетіп, пісіп тұрған мәселе екені анық. Бірақ халықтың төлем қабілетін ескермеу мүмкні емес. Тек бағаны қанша көтереміз, о жағын әзірге айта алмаймын.

Десе де билет құнын көтеруді көздеген әкімдік өкілдері биыл Алматыда жолаушылар тасымалдайтын компанияларға 40 миллиард теңге субсидия бөлінгенін айтады. Бірақ соңғы кездері тұрғындар арасында қоғамдық көлік қызметіне қатысты шағым күрт көбейіпті. Қызмет сапасының нашарлығын шенеуніктердің өзі де мойындап отыр.

Қалаға кіріп-шығатын көлік нөпірін реттеу мақсатында басталған жұмыстардың бірқатары жаңа жылға дейін аяқталады. Мәселен, Абай даңғылының Момышұлы көшесінен батыс бағытқа созылатын бөлігі, сондай-ақ Рысқұлов және Емцов көшелерінің қиылысындағы жолайрық желтоқсан айында қолданысқа беріледі. Ал Төле би көшесін Яссауи көшесінен әрі қарай созу жұмысы келесі жылы басталады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде