Ақша аударымынан алынатын салықтың жеке азаматқа қатысы бар ма?
Ақша аударымдарынан алынатын салықтың жеке азаматтарға қатысы жоқ. Көптің көңілін күпті еткен мәселеге бүгін қаржы вице-министрі жауап берді.
Автор: Елдос Есенбол
25.11.2021
Заңға өзгеріс енгізуге пандемия кезінде саудагерлердің онлайн аударымды қолданып салықтан жалтаруы себеп болған. Бірақ қаржы министрлігінің бұл бастамасы қарапайым халықтың күдігін туғызды. Енді биліктегілер елдің қалтасына түсе ме деп қорыққаны рас.
Вице-министр алаңдауға еш негіз жоқ деп отыр. Себебі, заң қабылданған соң ұялы қосымшада мобильді төлем деген жаңа бөлім пайда болады. Сатып алушы төлем жасағанда сол бөлімді таңдаса ғана болғаны. Саудагерлер де жеке шотынан бөлек, бизнеске арналған есепшотын ашуы керек. Жеке кәсіпкерлер үшін бұл жоба жаңа жылдан бастап күшіне енеді.
Марат Сұлтанғалиев, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Егер саудагерлер арнайы есепшотын ашпай, жеке шотына төлем қабылдай беретін болса, оларға шара қолданылады. Бұның барлығын бақылап отыратын жасанды интеллект бар. Сондықтан азаматтардың орынсыз алаңдауына еш себеп жоқ. Әрине, егер күн сайын ондаған адамнан шотыңызға ақша келіп түсетін болса, бұл күдік тудырады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!