{metadescription}
«Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» конференциясы басталды
«Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» конференциясы басталды

«Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» конференциясы басталды

Түркістандағы халықаралық қазақ-түрік университетінде «Назарбаев моделі»: Түркі әлеміне бағытталған интеграция жолы» атты  конференциясы басталды.

Қазақстан ғана емес, Анадолы мен Алтай арасындағы түркі тілдес елдердің белгілі ғалымдары, заңгерлері мен саясаткерлері Елбасының басқару жүйесіндегі  жетістіктерінен бастап, Орта Азия ғана емес, тұтас түркі әлемінің бас кейіпкеріне айналғанын тілге тиек етті. Екі күнге созылатын конференцияға Нұрсұлтан Назарбаев қоры мұрындық болып отыр.

Дархан Қыдырәлі, Халықаралық түркі академиясының президенті:

- Жалпы ғалымдардың пікірі бойынша қазіргі түркі әлемінің ең танымал тұлғасы ретінде Елбасының атын айтады. Ол түсінікті. Себебі, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасы түркі ынтымақтастығына үлкен мән берді. Ол ынтымақтастық ұйымдарының дүниеге келуіне бастамашы болды.

Бауырлас түркі тілдес елдер басшыларының алғашқы кездесуінен кейін іргесі қаланған университет қабырғасында белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен саясаткерлер Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық аренадағы рөлін айтады. Соңғы 30 жылда түркі тілдес елдер көшбасшыларының басын қосқан 17 саммиттің бәрінде Нұрсұлтан Назарбаев  татулыққа шақырып, бірігуге ұйытқы болып келгенін қатысушылардың барлығы мойындайды.

Қарашаның 12-сі күні Ыстамбұлда өткен саммитте стратегиялық 2040 құжаты қарастырылған. Бұл құжатта  экономика мен саясаттан бастап, ғылым мен мәдениетке дейінгі Түркі әлемінің өзара интеграциясы жазылған.

Дженгиз Томар, Халықаралық қазақ-түрік университеті ректорының өкілі:

- Қазіргі 2040 деген құжатын жасасақ, 2040-та барлық түркі әлемі бай болады, жақсы болады, көп болады, ынтымақтастық болады. Яғни, біз Түркияда түріктеріміз Назарбаев мырзаны түркі ынтымақтастығына түркі бірліктеріне үлес қосқанын білеміз, алғыс айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.