{metadescription}
«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

«Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Ел дамуына үлес қосқан Үкіметтік емес ұйымдар арасындағы «Таңдау» сыйлығының жеңімпаздары анықталды. Бүгін Алматыда X Азаматтық форумның пленарлық отырысы өткізілді. Елдің түкпір-түкпірінен келген түрлі сала өкілдерінің бәрі азаматтық қоғамды қалыптастыруға ат салысқан адамдар.

Аида Балаева, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Оның мазмұндық және ұйымдастырушылық жағынан да жаңалығы көп. Атап айтсақ, біріншіден, бұл тек азаматтық қоғам апталығымен шектелмей, оған дейін орталықта министрлермен, ведомство басшыларымен, өңірлерде әкімдер, үкіметтік емес ұйымдар қатысқан он күндік диалог бастау алды.

Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін сыйлық  2017 жылдан бері мемлекет тарапынан көрсетіліп келе жатқан қолдаудың негізгі тетігі. Жыл сайын республикалық, салалық және өңірлік деңгейде әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін 15 бағыт бойынша сыйлық табысталады. Байқаудың негізгі мақсаты – елдің әлеуметтік және қоғамдық өмірінің дамуына үлес қосқан азаматтардың жетістігін халыққа паш ету.

Дәурен Абаев, Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары:

- Азамат белсенділігі маңызын түсінгендіктен, мемлекетіміз 1996 жылы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» заң қабылдады. Сол арқылы Азаматтық институттардың жұмыс істеуіне жол ашылды. Осы уақыт аралығында үкіметтік емес ұйымдардың саны 14 есеге өсіп, бүгінде 22 мыңнан асып кетті. Сондай-а, олардың бастамасын жүзеге асыру үшін бүгінге дейін мемлекет 140 миллиард бөлген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде